Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында 68 бірлік өнеркәсіптік кәсіпорындармен 57,5 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Облыстың өнеркәсіп өнім көлемінде аудан екінші орында немесе үлесі 6,6%-ды құрады. Өнеркәсіптің басым саласы өңдеу өнеркәсібінде есепті мерзімде 49,2 млрд.теңгенің өнімі өндірілген, өнім көлемі 106,2%-ға артқан. Жер қойнауын пайдалану және карьерлерді қазу бойынша жалпы аудан көлемінде 26 карьер тіркелген болса, оның ішінде:11 -карьер уақытша тоқтап тұр. 15 карьер жер қойнауын пайдалану және карьерлерді қазу саласында тұрақты жұмыс істеп тұр, есепті мерзімде салада өндірілген өнім көлемі 2,7 млрд.теңгені құрады, 2021 жылдың деңгейіне өнім көлемі 6,5%-ға төмендеген. Ауданға негізгі капиталға бағытталған инвестиция жоспары – 34,5 млрд.теңге. Аудан экономикасын дамытуға бағытталған инвестиция көлемі 39,4 млрд. теңгені құрады. Жалпы тартылған инвестицияның 12,4%-ын бюджеттік инвестиция, 87,6%-ын жеке сектордағы инвестиция құрады. Адам басына шаққанда инвестиция көлемі 170,9 мың теңгеден келеді. Есепті мерзімде жалпы құны 2,9 млрд.теңгелік 5 инвестициялық жобалар іске қосылған. Ашылған жұмыс орны 105 адам. Атап айтқанда: Агроөнеркәсіп кешені саласында: ЖК Урунбеков М. (Жібек Жолы а.) Диірмен құрылысы жобасы. «Жібек Жолы» сауда маркасымен 50 кг, 25 кг-дық бидай ұны. Жобаның құны 370,0 млн.теңге. Ашылған жұмыс орны 5 адам. ЖК Урунбеков Т. (Жібек Жолы а.) Өсімдік майын шығаратын цех. «Жібек Жолы» сауда маркасымен 4,5 л; 5 л пластик ыдыстардағы мақта және мақсары майын шығарады. Жобаның құны 37,8 млн.теңге. Ашылған жұмыс орны 10 адам. «Юг Фуд» ЖШС (Шіркін а.) Сүт өңдейтін зауыт. «Юг Фуд» сауда маркасымен ірімшіктің 4 түрі шығарылады. Жобаның құны 100,0 млн.теңге. Ашылған жұмыс орны 10 адам. Өнеркәсіп саласында «Корпорация АЯН» ЖШС (Ақсу а.) «Газоблок шығаратын зауытты ұйымдастыру» жобасы. Жобаның құны 200,0 млн.теңге. Ашылған жұмыс орны 30 адам. 2023 жылдың 1-ші қаңтарына ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны – 18880 бірлікті құрады. Жұмыс істеп тұрған ШОК саны 18454 бірлікті құрады. Ауданның ШОК-нде 27354 адам жұмыспен қамтылған, былтырғы жылмен салыстырғанда 117,1%-ға артқан. Сайрам ауданының шағын және орта кәсіпкерлігінде 737 кәсіпкерлік субъектілері іске қосылып, оларда 1409 адам жұмыспен қамтылған. субъектілер саны 110%-ға, жұмысшылар саны 109,1%-ға артқан. ШОК-те 161,0 млрд.теңгенің өнімі өндірілген, өсім 110,0%-ды құрады. ШОК есебінен түскен салық көлемі, 10,2 млрд.тңг, (9,5 млдр.тңг) салыстырғанда өсім 108,4%-ды отыр. Ауданда 102 жоба 10,0 млрд.теңге көлемінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау бағыты аясында қолдау алған, 59 жоба 1,3 млрд.теңге көлемінде кредиттерді кепілдендіру бағыты аясында қолдау алған. Одан басқа, микрокредиттік ұйымдар («Жәрдем АС», «Ырыс», «Kmf») арқылы ауданның 5578 кәсіпкері 3,9 млрд.теңге көлемінде несиеленген.