Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданында мәжілістің күн тәртібінде облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте атап өтілген білім саласы бойынша кемшіліктерді жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы, көктемгі дала жұмыстарының барысы және Қабланбек ауылдық округінің 2023 жылы атқарылатын жұмыстарының жоспары туралы мәселелер қаралды. Бірінші мәселе бойынша Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Д.Акатов баяндама жасап, аудан аумағындағы мектептерде күрделі, ағымдағы жөндеуді іске асыру жөнінде жұмыстар және мектептерде бейнекамера және турникеттер қою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді; Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Амирханов аудандағы жер игеру, жылыжайлардың жағдайы және ауыл шаруашылығына жанар-жағармаймен қамтамасыз ету туралы баяндады. Аудан басшысы жылыжайлардың жағдайлары, оның ішіндегі игерілген, игерілмеген және қараусыз қалған жылыжайларды саралап нақты ақпаратты 10 маусымға дейін ұсынуды тапсырды. Келесі мәселе бойынша Қабланбек ауылдық округінің есептік кезеңдегі атқарылған жұмыстары және биылға жоспарлары, округті дамыту жұмыстары туралы Қабланбек ауылдық округінің әкімі Қ.Тұрсынбаев баяндады. Аудан әкімінің аппарат басшысы О.Ыбрайдың Қабланбек ауылдық округі әкімінің жұмысына зерделеу жұмыстары нәтижесін жариялады. Ондағы бірқатар кемшіліктер ашық айтылып, талқыға түсті. Ауылдық округте жұмыспен қамту, салық түсімі және тазалық бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы төмен деңгейде. Бұл – тек ауылдық округі әкімі емес, оның орынбасарына, жауапты мамандарынада қатысты, — деді аудан әкімі Арман Абдуллаев мәжіліс соңында.