Түркістан облысына қарасты Келес ауданында жалпы халық саны 133 753 адамды, аудан аумағы 345,1 мың гектар аумақты құрайды. Ауданның құрамына 1 ауыл және 11 ауылдық округі, жалпы 83 елді мекен кіреді. Жалпы халықтың 57,4 мың адамы экономикалық белсенді, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 54,4 мың адам, жұмыссыздық деңгейі 5,1%, жастар жұмыссыздығы 3,9% құрады. 2022 жылдың қорытындысымен Келес ауданының кірісінің жоспары 24,7 млрд. теңге болса, нақты 24,9 млрд. теңге немесе 100,6 % орындалған. Өзіндік кірістердің жоспары 1,7 млрд. теңге болса, нақты түскені 1,8 млрд. теңге немесе 108,7 % орындалған. Ал 2023 жылы өзіндік кірістері 2,6 млрд теңге жоспарланса Жыл соңына 3,2 млрд теңгеге ұлғайту жоспарлануда. Былтыр бюджеттің шығыс бөлігі 24,5 млрд. теңгеге яғни 98,8 % игерілді. Жыл қорытындысымен игерілмеген 295,5 млн. теңге жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттен берілетін грант салалық министірлік тарапынан «Бизнес.енбек.кз» ақпараттық жүйесінен өтінім қабылдауға рұқсат берілмеуіне байланысты. Ауданда өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемі 107,5 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 17,9 млрд теңгеге немесе 120,0%-ға артты. Оның ішінде, ауылшаруашылығы саласының үлесі 65,5%-ды құрап отыр. 2023 жылы жалпы өндірілген өнім көлемін 119,3 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда. Өткен жылы нақты 5,3 млрд. теңгеге (+286 млн.тг.) өнім өндірілді. Жыл соңына дейін өнеркәсіп өнімін шығарудың нақты көлемінің индексінің үлесін 103,7% жеткізіп, жалпы құны 5,9 млрд.теңгенің өнімі өндіру жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 70,4 млрд.теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,3 % құрады. Оның ішінде: мал шаруашылығы 24,7 млрд. теңге, НКИ 96,2%, өсімдік шаруашылығы – 45,6 млрд.теңге, НКИ-102,8 %. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 17,7 млрд.теңгені құрады. НКИ 155,8 % биылғы жылға осы көрсеткіштерді көтеру бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, орындау бойынша нақты іс шаралар атқарылады (2021 жылдың 12 айында орындалуы 13,1 млрд. тенге). Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 22,4 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,9%-ды құрады. Оның ішінде тұрғындар есебінен – 22,4 мың ш.м 107,9% (2021 жылдың 12 айында 20,7 мың ш.м., оның ішінде тұрғындар есебінен – 20,7 мың ш.м) (облыс бойынша – 864 127 шаршы метр, НКИ – 104,6%, үлесі – 2,6%, 12 орын).