Экономика Ерте пісетін қырыққабат сатылымға шықты Редактор 13.05.2023 7838 1 оқу мин Күнгейлік шаруалар қырыққабаттың алғашқы өнімін жинауға кірісті. Өткен жылдың қара күзінде егілген көкөніс қазір толық пісіп жетілген. Ерте піскен өнімнің алғашқы легі еліміздің түкпір түкпірінен бөлек Ресейге де жөнелтілуде. Балғын қырыққабаттың әрқайсысының салмағы 4 келіге дейін тартады. Күннің көзі жылт етісімен кетпеніне жармасатын сырыағаштық диқандардың дені қазір қырыққабат жинап, саудалауға кіріскен. Аудандағы үш жүзден астам шаруашылық мың гектар жерден астам жерге сатылымы тез осы өнім түрін егеді. Ерте пісетін көкөністі ертерек ексе ерте піседі. Ерте піскен өнімді ерте жинап алады. Босаған егістік алқапқа екінші егісті егуге кіріседі. Ертерек жиналған өнімнің бағасы да қымбаттау болады. Бүгінде бір алқаптан бір маусымда үш рет өнім жиып алу шаруаларға да тиімді болып отыр. Епсекті шаруалар ептіліктерінің арқасында былтыр 500 мың тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімін жинап алды. Биылғы меже де жаман болмайтын түрі бар. Сарыағаш ауданы, Жарты төбе ауылдық округінде ашық егіс алқабынан алғашқы өнімдерді жинау басталды. Жарты төбелік шаруалар әлеуметтік маңызға ие қырыққабатты жинап, еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтуде. Биылғы жылы ауданымыздың шаруалары 10,5 мың га жер учаскесінде көкөністің бірнеше түрін өсіруде. Оның ішінде: 1,7 мың га жерде жылына 1 алқаптан 2-3 өнім алу бойынша жұмыстар атқаруда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 329575 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 350806 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 358339