Экономика 3 800 га жайылымды жерді мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр Редактор 13.05.2023 8254 1 оқу мин Егізқара — Майдантал ауыл округіне қарасты 35 шақырым жердегі таудың арасындағы ауыл. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылымен шектеседі. 15 үй, 59 тұрғыны бар. Күн көрісі мал шаруашылығы. Түркістан облысына қарасты Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев Егізқаралық тұрғындармен кездесуге арнайы барды. Тұрғындар тарапынан көтерілген басты мәселе жайылымдық жер. Сонымен қатар ауыл мен округ орталығын жалғайтын 35 шақырым жолдың жайы, жарық пен байланыстың жоқтығы, ауыз су мәселесі. Майдантал ауыл округі бойынша 6 061 га ортақ жайылымдық жер бар. Тағы да 3 800 га жайылымды жерді мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. 35 шақырым жолдың 10 шақырымы жөнделген. Енді 5 шақырым жолға тас төселінеді. Ауыз су мәселесі бойынша, ауылға бұлақтардан су тартатын кешенді блок модуль қою үшін облыстық басқармаға тиісті бөлім тарапынан ұсыныс хат жолданған. Аталған мәселе бойынша кешенді жұмыстар жасалынуда. Ауылға 2019 жылы мемлекет тарапынан субцидия бөлініп күн сәулесімен қуатталатын арнайы батереялар қойылған. Алайда жарықтың қуаттылығы төмен. Өз кезегінде аудан әкімі заң талаптарына сәйкес жарықтың қуаттылығын арттыру мәселесін қайта қарайтынын жеткізді. — Егізқара біздің назарымыздан тыс қалмайды, сіздер тарапынан айтылған мәселе кезең-кезеңімен шешілетін болады-деді аудан басшысы Ғалымжан Қарабайұлы. Сонымен қатар аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген мұнан өзге бірқатар мәселені дер кезінде шешу үшін сала мамандарына нақты тапсырмалар берді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 329654 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 350874 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 358365