Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданы, Қоғалы ауылдык округіне қарасты, Диханкөл ауылындағы Науытсай магистралды каналында бүгінде құрылыс жұмыстары жүріп, канал қайта іске қосылды. Бұл, каналдың жалпы ұзындығы 9 шақырым. Оның 5 шақырымы темір науалы болып келеді. Қалған 4 шақырымы жер арықтар. Жалпы каналдың ірге тасы 1936 жылы ауыл тұрғындарының асарлатуы арқылы пайда болған, сол уақыттан бер диханшылыққа және мал шаруашылыққа пайдасы тиіп келген «Науатсай» магистралды каналы 1992 жылы істен шыққан, содан бері қалыпты жөндеу жұмысын көрмеген. 2018-2019 жылы аталған канал «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы тенгеріміне өтіп, ағымдағы жылы құрлыс жұмыстары жүргізілді. Каналдың негізгі мақсаты Диханкөл халқын ағын сумен қамтамасыз ету. Төлеби ауданы таулы аймақта орналасқандықтан күзгі — көктемгі толаусыз жауған жауын шашынның әсері, қыр — жыралардан аққан лайқа топырақтар мен тастардан канал толып қалған. Сол себепті, 800 метр жері механикалық тазалаудан өткізілді. Су өткізу қабілеті 300 л/сек. Диаметрі 219, ұзындығы 100 метрлік қаталас жатқан 3 дана болат құбырды кесіп ішіндегі тас топырақ тазаланды. Нәтежиесінде, 1996 жылдан бері ағын сусыз отырған Диханкөл ауылындағы, 60 үй сумен қамтылып отыр. Сонымен қоса, канал арнасының бұзылған бірнеше жері қалпына келтірілді. Төлеби ауданының ақсақалдары мен қоса ауыл тұрғындары өздерінің ризашылығын білдіріп «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы басшылығына алғысын жеткізуде.