Экономика Ауыл шаруашылық дақылдарын қауіп қатерден сақтау үшін… Редактор 13.05.2023 15918 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданы аумағында марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары мамыр айының 10-нан басталды. Ауылшаруашылық дақылдарына аса қауіпті шегірткеге қарсы күрес барысын аудан әкімінің орынбасары Бақберген Құралбаев пен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Құттымұрат Тұрғынбаев бақылады. Бақберген Тәңірбергенұлы «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РМК Түркістан облысының Төлеби аудандық филиалының мамандары, Төлеби аудандық аумақтық инспекциясының мамандарына жерді химиялық өңдеу жұмыстарын дер кезінде әрі сапалы жүргізуді тапсырды. Фитосанитариялық іс-шаралардың тиімді жүргізілуін бақылау және үйлестіру мамандарына шегірткеге қарсы күресті күшейту қажеттігін айтты. Аудан экономикасының негізгі көрсеткіші болып саналатын ауылшаруашылық саласының дамуына ықпал ету шараларын уақытылы жүргізу тиімділігін түсіндірді. Алғашқы аса қауіпті марокко шегірткелеріне химиялық өңдеу жұмыстары Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты Жаңажол елді мекенінде жүргізілді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Даму» бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталығы 1 оқу мин Экономика «Даму» бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталығы 22.09.2026 9373 ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 17.05.2026 31221 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 30299