Экономика Жеңілдетілген жанар-жағар май электронды форматқа ауыстырылды Редактор 14.05.2023 14707 1 оқу мин «Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығына сәйкес, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне берілетін жеңілдетілген жанар-жағар май (дизель отыны) электронды форматқа ауыстырылғандығын хабарлайды. Қағида талаптарына сәйкес, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері электронды түрде күзгі дала жұмыстарына дизель отынын алу үшін бірінші кезекте ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңбасы) «Gosagro.kz» сайты арқылы ағымдағы жылдың 20 мамырына дейін сұраныс беруі қажет. Бұл ретте, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бекітілген нормаға сәйкес, әр дақылға жеке-жеке сұраныс беруі тиіс. Осыған байланысты, Түркістан облысының шаруаларына шұғыл түрде күзгі дала жұмыстарына берілетін дизель отынына ағымдағы жылдың 20 мамырына дейінгі мерзімде «Gosagro.kz» сайты арқылы сұраныс берулерін сұрап отыр. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда. жергілікті ауылдық округ әкімшілігіне немесе аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне хабарласуға болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Даму» бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталығы 1 оқу мин Экономика «Даму» бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталығы 22.09.2026 9373 ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 17.05.2026 31221 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 30299