Экономика Қант құмайын егуге қызығушылық танытып отыр Редактор 14.05.2023 18175 1 оқу мин Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасының өкілдері Қызылорда облысына тәжірибе алмасуға келді.Негізгі мақсаттары — суды аз қажет ететін қант құмайын өсіру барысын көру, осы салада еңбек етіп жатқан мамандармен пікірлесу, тәжірибе алмасу. Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов былтыр өңірде 358 гектар жерге қант құмайы егіліп, жақсы нәтиже бергенін айтты. Облыс кәсіпкерлері биыл да егіп жатыр. Соңғы жылдардағы су тапшылығына орай Қызылорда облысының алдында егін шаруашылығын әртараптандыру мәселесі тұр. Ал қант құмайы секілді өнімдер суды аз қажет ететінімен бірге импортталатын қант құрағының көлемін азайтуға сеп болады деп күтіліп отыр. Кәсіпкерлер палатасының мамандары Түркістаннан келген қонақтарды Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтына апарып, ғалымдарымен таныстырды. Түркістанның кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірге келген «Датқа» шаруа қожалығының төрағасы Жәңгір Исмайлов қант құмайын егуге қызығушылық танытып отыр. Бұл ретте түркістандық кәсіпкерге ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары кеңес беруге әзір екенін жеткізді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Даму» бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталығы 1 оқу мин Экономика «Даму» бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталығы 22.09.2026 9373 ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 17.05.2026 31221 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 30299