Экономика Түркістан облысы бойынша алғашқы жас кәсіпкердің жобасы мақұлданды Редактор 14.05.2023 11501 1 оқу мин Түркістан облысында жастар несиесін алуға ниет білдірген жас кәсіпкерлердің жобаларының алғашқы легі мақұлданды. Солардың бірі — Сауран ауданының 30 жастағы тұрғыны Қанат Маханбетовтың жобасы. Ол жылқы сатып алып, қазақтың ұлттық сусыны қымыз дайындап сатуды жоспарлап отыр. Қанат жобасын арнайы комиссияда қорғап, оң қорытындысын алды. Айта кетейік, бүгінгі таңда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалында жастардан 204 жоба қабылданып, соның 68-і комиссия қарауына жолданған. Комиссия әзірге 23 жобаны мақұлдады. Түркістан облысында биыл 594 жас кәсіпкерге 2,5 пайызбен 5 миллион теңге несие беріледі деп жоспарланып отыр. Бұған бюджеттен 2 млрд 970 млн теңге бөлінген. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Тау туризмін дамыту — басты назарда 1 оқу мин Экономика Тау туризмін дамыту — басты назарда 05.03.2026 8880 ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 27.02.2026 7409 Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 1 оқу мин Экономика Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 24.01.2026 58104