Экономика Жас кәсіпкерге шағын несие Редактор 14.05.2023 9783 1 оқу мин Наурызбай Абдулла — Түркістан облысы Шәуілдір ауылындағы жас кәсіпкер. Заңгер мамандығы бойынша оқу бітірген жігіт жұмыс таппай мал шаруашылығын бастап кетті. Таныстарының жөн сілтеуімен былтыр жазда Аграрлық несие корпорациясына жүгінген. Түркістан облысы бойынша филиалда жеңілдетілген несие рәсімдеп, жергілікті шаруашылықтардың бірінен 15 бас мүйізді ірі қара мал сатып алды. Несие нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылған. «5 миллион теңге несие алдым. Несие мерзімі – 40 ай, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%. Шарттары менің қожалығым сияқты шағын шаруашылықтар үшін тиімді. Алғашқы төлемді төлеп те қойдым», — деді жеке кәсіпкер Наурызбай Абдулла. Аграрлық несие корпорациясы кәсіпкерлерге шағын несие беруді жалғастырып жатыр. «Іскер» бағдарламасы бойыша несие мал шаруашылығын жүргізетіндерге 5 млн теңгеге дейін және 7 жылға, басқа кәсіп түрлеріне 6 млн теңгеге дейін және 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 6%, тиімді сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%-дан басталады. Негізгі қарыз бен сыйақыны төлеу бойынша жеңілдік мерзімі бар. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 1 оқу мин Экономика Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 24.01.2026 21408 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 149892 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 164895