Экономика Шетелдік сиыр көп күтімді керек етпейді Редактор 14.05.2023 15856 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Арыс ауданында қалмақ сиыры көбейіп жатыр. Асыл тұқымды мал шаруашылығын кеңейтіп жатқан өңірдегі ірі репродуктор — «Kazplemzavod» ЖШС-і. Аграрлық несие корпорациясынан рәсімдеген несиеге серіктестік басшысы Мамытхан Айдағараев Бурятиядан 3 400 қашар, 150 бұқа сатып алған. Малдың бір бөлігі Арысқа жеткізілді. Қалғаны келісім бойынша партиямен келесі жылдың жазына шейін тасымалданып болады. Репродуктор қожайыны үшін қалмақ сиырын бағу таңсық емес. Шаруашылық екі жыл бұрын сенімді серіктесі – корпорация арқылы 1,3 млрд теңгеге ресейлік екі компаниядан 1970 сиыр мен 80 бұқа сатып әкелген. Мыңғырған малын барлық жағынан сақтандырып қойды. Малдың бұл түрін асыраушылардың айтуынша, қалмақ тұқымы талғампаз емес. Не берсең, соны жей береді. Көп күтімді керек етпейді. Кез келген ауа-райына төзімді. Сиырдың салмағы – 500 келі, бұқасы бір тоннаға дейін тартады. «Kazplemzavod» ЖШС-інің малы қазір 6 мың бас малға есептелген бордақылау алаңында бағылып жатыр. Жалпы, шаруа қожалығы Аграрлық несие корпорациясының табысты жұмыс істеп жатқан серіктестерінің бірі. Компания 2014 жылдан бері төрт мәрте несие рәсімдеген. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Тау туризмін дамыту — басты назарда 1 оқу мин Экономика Тау туризмін дамыту — басты назарда 05.03.2026 8880 ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 27.02.2026 7409 Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 1 оқу мин Экономика Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 24.01.2026 58104