Бүгінде Түркістан облысында мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары көп. Олардың басым бөлігі мал бордақылайды. Малды тасымалдау жұмыстары барысында кейбір заң талаптарын көбісі сақтау бермейді. Сондықтан да Түркістан облыстық ветеринарлық инспекция тарапынан бүгінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдерді құжатпен тасымалдау. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» N 339 Заңының 25-бабының 4) тармағына, ҚР АШМ-нің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Жануарларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» №16-04/679 бұйрығына сәйкес, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде ветеринариялық ілеспе құжатымен (ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама). Иттер мен мысықтар үшін ветеринариялық паспортпен тасымалдануы тиіс. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум түзіліп, ҚР АШМ-нің 27.04.2022 жылғы №128, ҚР ІІМ-нің 04.05.2022 жылғы №275«Ауыл шаруашылығы жануарларының, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ұрлануына қарсы іс-қимыл бойынша ішкі істер және ветеринариялық бақылау органдарының өзара іс-қимылы туралы» бірлескен бұйрығы бекітілген. Осыған сәйкес, жол бойында, ішкі сауда объектілерінде бүгінде рейдттік іс-шаралар жүргізілуде. Орын ауыстырылып, тасымалданатын жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды ветеринариялық ілеспе құжаттарымен тасымалдануын түсіндіреміз. Жануарларды тасымалдау кезіндегі ветеринариялық құжатты — тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуалы ескеріле отырып, ТО АШБ «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК-ның қала және ауылдарындағы пункт меңгерушілерімен тірі жануарларға — форма №1, жануардың пунктте сойылғаны туралы сою пунктінің ветеринар мамандарымен жануарлардан алынатын өніміне – Форма №2, ал шикізатқа -форма №3 анықтамалары беріледі. Ветеринариялық құжатсыз тасымалданған жағдайда, ҚР «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 406 бабына сәйкес, әкімшілік айыппұл салынатындығын ескертеміз.