Жетісай ауданы бойынша 2023 жылы 79,3 мың га жерге түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған. Қазіргі таңда осы аталған дақылдарды егу науқаны жүргізілуде. Аудан көлемінде егістік алқаптарға дақылдарды егу науқаны басталды. Бүгінгі таңда аудан бойынша 2800 гектардан астам жерге көкөніс дақылдары, 4951 гектар алқапқа дәндік жүгері, 19597 гектар жерге бақша дақылдары, 44977 гектар алқапқа мақта дақылы, 5000 гектардан астам алқапқа мал азықтық дақылдары егілді. Дақылдарды егу науқаны әлі жалғасуда. Жетісай ауданы бойынша 1168 га алқапқа егілген қырққабат дақылынан өнімін жинау науқаны басталды. Бүгінгі күнге 36805 тонна өнім жинақталды. Қырыққабат дақылының өнімдері басым бөлігі (Рессей, Беларусия) шет мемлекеттермен еліміздің Алматы, Астана, Шымкент қалаларына және басқада облыстарға жөнелтілуде. Шитті мақта дақылын егуге биылғы жылы 1400 тоннадан астам тұқымдық шит дайындау жоспарланған. Оның ішінде: R-I тұқымы 115 тонна, R-II тұқымы 615 тонна, шет мемлекеттерінен сатып алынатын тұқымдық шит Туркия мемлектінен 133,0 тонна, Өзбекстан мемлекетінен 570 тонна. Аталған жоспарға сәйкес мақта тұқымдық шиттері толығымен дайындалып мақта дақылын өсіруші АШТӨ тарату жұмыстары жүргізіліп, 1242 тонна тұқымдық шит АШТӨ таратылды. Жетісай ауданына көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 7020 тонна жанар-жағар май бөлінді. Бөлінген жанар-жағар май ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің егістік алқаптарына сәйкес бекітіліп, талон жүйесі арқылы шаруаларға (ақпан 2080 тонна, наурыз 2600 тонна, сәуір 1430 тонна, мамыр 910 тонна) «JOL YRYSY» ЖШС, ЖК «Әуезов», «РосАзияНефть» ЖШС, «TS Нефтьпродукт» ЖШС-тері шаруаларға тарату жұмыстарын жүргізуде. Шаруаларға тарату бағасы 206 теңге. Бүгінгі таңда 5000 тоннадан астам жанар жағармай шаруаларға таратылды.