Түркістан облысына қарасты Арыс ауданында ағымдағы жылы 24192,0 га жерге егістік егіледі деп жоспарлануда, оның ішінде: дәндік және бұршақтық дақыл – 11653 га, майлы дақыл – 513 га, пар – 781 га, техникалық дақылдар – 40 га, көп жылдық мал азықтық дақылдар – 6973 га, көкөністер – 576 га, картоп – 154 га, бақша – 4283 га. Дәндік және бұршақтық дақылдар: Күздік бидай – 8051,0 га, Жаздық бидай – 1630,0 га, Күздік арпа – 250,0 га, Жаздық арпа – 1000,0 га, Дәндік жүгері – 742,0 га, Маш – 10,0 га. Майлы дақылдар: Мақсары – 500 га, Күнбағыс -13 га, Техникалық дақылдар:Мақта -40 га, жылдық мал азықтық дақылдар:Ескі жоңышқа – 4667 га, 2023 жылға егілетін жаңа жоңышқа – 1036 га, Сүрлем жүгері – 1270 га Көкөніс: Қырыққабат – 76 га, Пияз – 182,5 га, Сәбіз – 80,5 га, басқа да көкөністер – 209 га, Картоп – 154 га, Бақша: Қауын – 2253 га, Қарбыз – 2030 га. Қажеттілік бойынша 2538 тонна минералды тыңайтқышқа сұраныс жолданды Аммиак селитрасы -2145 тонна, Аммофос – 243 тонна, Карбамид – 110 тонна,Сульфат аммониясы – 40 тонна, 2023 жылдың көктемгі және күзгі дала жұмыстарына жалпы 2850 тн жеңілдетілген жанар-жағармайға сұраныс жолданды. Түркістан облысына қарасты Арыс ауданы Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Біләлбековтің айтуынша: «Көктемгі дала жұмыстарына 1560 тонна жанар – жағар май, (сатылым бағасы 204 теңге болып бекітілді, 2022 жылы ақпан айының 18 жұлдызында көктемгі дала жұмыстарына-194 теңге болып бекітілген) бөлінді. Күзгі дала жұмыстарына 1 300 тонна жанар – жағар майға сұраныс жолданды. (сатылым бағасы ағымдағы жылдың шілде айында белгілі болады, 2022 жылы шілде айының алғашқы 10 күндігінде күзгі дала жұмыстарына-202 теңге болып бекітілген). Арыс қаласы бойынша 962 дана ауыл шаруашлығы техникасы бар, бүгінгі таңда 865 дана, яғни 92 % ауыл шаруашылығы техникалары көктемгі дала жұмыстарына дайын. 2023 жылға 66 дана — ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау жоспарлануда».