Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов Ж.Ералиев ауылдық округінде өткен кездесуді І тоқсанда тұрғындар тарапынан көтерілген Абай, Сейфуллин және Бәйтерек елді мекендерін табиғи газбен камту, Ғ.Мұратбаев ауылындағы КТП және ескі ағаш бағаналарды ауыстыру, мектепке баратын Жасталап көшесін жарықтандыру, Нұр көшесін асфальттау, типтік үлгіде салынған балабақшаны қаржыландыру, Бәйтерек ауылындағы 18 көшені асфальттау, дәрігерлік амбулатория салу, ауыл шаруашылығы саласындағы жеңілдетілген селитра, жанар-жағармайды уақытылы алу, субсидиялау, тік дренажды ұңғымаларды іске қосу, қашыртқыларды тазалау секілді көтерілген 15 мәселе бойынша арнайы іс-шара жоспары жасалып, жүйелі жұмыстардың атқарылғандығын айтып өтті. Аудан әкімінің баяндамасына сәйкес биылғы жылы Ж.Ералиев ауылдық округі бойынша Сейфуллин елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құруға 610,6 млн теңге, Жазықсай елді мекеніндегі ауыз су құбырларын ағымдағы жөндеу, ауыз су жәшіктерін орнату жұмыстарына 25 млн теңге бөлініп, жаңадан түскен Арай, Абай, С.Сейфуллин, Жетіқазына, Үтіртөбе, Көктөбе, Бәйтерек, Ғ.Мұратбаев көшелеріне электр желілерін жүргізуге және трансформатор (КТП) орнату үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 6,5 млн теңге, Ғ.Мұратбаев ауылының газ өткізгішінің құрылысына (түзету) 60,4 млн теңге, Жетіқазына, Ә.Әлімбетов елді мекендерінің газ өткізгіш құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 4,9 млн теңге, Бәйтерек ауылындағы спорт алаңшаның құрылысына 11 млн, Үтіртөбе ауылындағы бассейн және балалар алаңшасын салуға 18,7 млн теңге бөлінген. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде Арай, Абай, Үтіртөбе ауылдарында жалпы 9 көшені орта жөндеуден өткізуге 442,9 млн теңге, көктемгі қар және жаңбыр салдарынан жер асты суының көтерілуінен елді мекендерді су басу қаупінің алдын алуға Бәйтерек, Сейфуллин ауылдарынан арық-атыздар қазу жұмыстарына 8,8 млн теңге, ал, Бәйтерек елді мекенінен дәрігерлік амбулатория салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 10,9 млн теңге, Көктөбе елді мекенінен фельдшерлік-акушерлік пункт салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 8,3 млн теңге қаралған. Тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мен өңірдің әлеуметтік-экономикасын дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырған аудан әкімі кездесудің соңында округ тұрғындарына жеке қабылдау өткізіп, мәселелерін тыңдады. Мәселелердің уақытылы шешілуін жауапты мекемелерге тапсырды.