Түркістан облысына қарасты Саураны ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев Үшқайық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуде алдағы жоспарлармен бөлісті. Аудан әкімінің ақпан айында ауыл округ тұрғындарымен кездесуінде 20 мәселе көтерілген. Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев: -Облыс әкімі ауданымызға жасаған сапарында ауданды әрі қарай дамытуды тапсырды. Сол мәселелерді шешу бойынша жоспар жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілу нәтижесінде 20 мәселе өз шешімін табуда,-деп бастады есепті кездесуін. І-жартыжылдықта Үшқайықта атқарылып жатқан істер ілкімді. Қазіргі таңда, ауыз су жүйесі арқылы елді мекен тұрғындарына 8 сағат ауыз су берілуде. Елді мекендерді 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, ақау актісі мен сметалық құжаттама әзірленіп, тиісті басқармаға ұсынылды. Жоба құны – 23 400,0 мың теңге. Ауыл тұрғындары Кезекте тұрған тұрғындарға жер телімін беру үшін жүргізілетін инфрақұрылымға қаражат бөлінуін сұраған. Тұрғын үй және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін 284,7 га жер қаралған. Оның ішінде 87 га инфрақұрылым жүйелерін жүргізуге қаралған. Қазіргі таңда, бюджеттік қаржыны үнемдеу мақсатында, жобалаушы мекекемен меморандумға отырып, аудан көлеміндегі барлық жобалар әзірленетін болады. Оның ішінде инфрақұрылым мәселелері де шешімі табылатын болады. Кездесу соңында аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев: — Күрделі мәселелерді шешуге және ауданның дамуына сіздермен бірге жүйелі шаралар қабылдайтын боламыз. Сіздермен еркін пікір алмасып, сұрақтарыңызды тыңдауға дайынмын,-деді. Ауыл тұрғындары аудан басшысының атқарып жатқан жұмысына оң балаларын берді.