Мемлекет басшысының «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты халыққа кезекті Жолдауында еліміздің алдағы уақыттағы даму бағыттарының негізгі міндеттері айқындалып, елдің әл-ауқаты мен экономикалық қуатын еселейтін маңызды міндеттер жүктеп отыр. Жолдауда айтқан ауқымды мәселелер мен негізгі басымдықтарды орындау барысында Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. жасайтын боламыз. Қазығұрт ауданы бойынша жалпы халық саны 116 577 адамға жетіп, аудан аумағы 409,1 мың гектарды құрайды. Аудан құрамына 13 ауыл округі, 62 елді мекен кіреді. Жалпы халықтың 45 641 адамы экономикалық белсенді, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 43 214 адам, жұмыссыздық деңгейі 5,3%, жастар жұмыссыздығы 4,9% құрады. Ауданның ішкі кіріс көздері 2022 жылға 4,9 млрд. теңге жоспарланса, жыл қорытындысымен 5,2 млрд. теңгеге орындалып, 104,9%-ды құрады. 2023 жылға жоспар 6,1 млрд. теңгеге бекітіліп, І-тоқсан қорытындысымен 1,5 млрд. теңгеге немесе 119,8 пайызға орындалды (3 айлық жоспар 1,3 млрд. теңге). 2022 жылға аудан бюджеті 25,3 млрд. теңге болып қалыптасып, жыл қорытындысымен 25,2 млрд. теңгеге немесе 99,8 пайызға игерілді. Аудан бюджетінің 2023 жылға жоспары 11,2 млрд. теңгеге бекітіліп, 1 сәуірге 1,4 млрд. теңгеге немесе 99,9%-ға игерілді. Өткен жылдың қорытындысымен 13,6 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,1%-ға орындалды.2023 жылға жоспар 15,4 млрд. теңгеге жеткізу межесі қойылып отыр. Ағымдағы жылдың І тоқсанына 3,3 млрд. теңгені құрап өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,9%-ға орындалды. Аудандағы шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамуда. 2022 жылы жалпы 65 үлкен-кішілі жобалар іске асырылған. Бүгінгі таңға, тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері саны 13 643 бірлікті құрап, одан жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 13 491 бірлікке жетіп, олардың үлесі 98,9%-ды құрады. 2023 жылы 26,7 млрд. теңгеге 12 жобаны іске асыру жоспарлануда. Ірі жобалар: Шанақ ауылдық округінен құны 23,8 млрд. теңге болатын жалпы қуаттылығы 50 МВт күн электр станциясын салу көзделуде. Жер мәселесі толық шешілген. Қазіргі таңда, инвестрлармен меморандум түзіліп, жұмыстар жалғасуда. Бұдан бөлек, құны 1,1 млрд.тг. құрайтын мал сою бекетін салу қарастырылуда. Қуаттылығы жылына 10 мың бас ірі қара малды құрайды (25 жаңа жұмыс орнын ашу). Сонымен қатар, «Ынтымақ» өндірістік кәсіпорын тарапынан құны 700 млн.тг. болатын қуаттылығы 1,3 МВт су электр станциясы салынуда (7 жаңа жұмыс орны ашу). Ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Бөлшек сауда көлемі 2022 жылы 8,8 млрд. теңгеге орындалып, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 900 млн. теңгеге өнім көлемі ұлғайды (2021ж. 12 ай 7,9 млрд.тг). Нақты көлем индексі 102,2 пайызды құрады. 2023 жылы 3 айда өнім көлемі 1,8 млрд. теңгеге немесе нақты көлем индексі 101,7 пайызға орындалды. Өткен жылы негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 23,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 123,6%-ға немесе 2023 жылға жоспар 31,5 млрд. теңге межесі қойылып отыр. 1 тоқсанға инвестиция көлемі 1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 147,3%-ға орындалды. Аудан экономикасының негізгі бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы саласы болып табылады. Өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 66,7 млрд. теңгеге орындалып, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 6,9 млрд. теңгеге өнім көлемі ұлғайды (2021ж. 12 ай 59,8 млрд.тг). Нақты көлем индексі 104,7 пайызды құрады. 2023 жылға жоспардың өнім көлемі 73,4 млрд. теңгеге жеткізу межеленіп отыр.1 тоқсанға өнім көлемі 8,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 155,6%-ға орындалды. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Осы жылдың көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет тарапынан ауданға төмендетілген бағамен 3 700 тоннадан астам дизель отыны бөлінді. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауданда Шарбұлақ және Шанақ ауылдық округтері пилоттық режимде іске асырылуда. Атап айтқанда: Шарбұлақ ауылы округінде сүтті бағытта, ал Шанақ ауылы округінде етті бағыттағы жобалар. Шарбұлақ ауылы округінде сүтті бағыттағы жоба. Жоба басталғалы бері 83 тұлға өз құжаттарын ұсынған, оның 41 тұлғаның құжаттары сараланып, несие алу үшін «Ырыс МҚҰ» ЖШС-на жолданды. Нәтижесімен 22 тұлғаның құжаты қолдау тапты. Қалған 57 тұлғаның құжаттары несие алу үшін бизнес жоспары әзірленуде. Шанақ ауылы округінде Етті бағыттағы жоба. Басталғалы бері 47 тұлға өз құжаттарын ұсынған, оның 27 тұлғаның құжаттары сараланып, несие алу үшін «Ырыс МҚҰ» ЖШС-не тапсырылды. Нәтижесімен 5 тұлғаның құжаты қолдау тапты. Қалған 40 тұлғаның құжаттары несие алу үшін бизнес жоспары әзірленуде. Екі ауылдық округке жалпы 800,0 млн. теңге жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге, ауыл округттерде несие алуға өтініш білдіріп жатқан тұрғындардың саны жалғасуда. Сонымен қатар, жоба аясында қосымша қаражат берілген жағдайда, Қақпақ және Қызылқия ауылдық округтерінде іске асырылатын болады. 2022 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 7,7 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 109,5 пайызды құрады. 2023 жылға құрылыс көлемінің жоспары 7,8 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда. 3 айда құрылыс жұмыстары 200 млн. теңгеге немесе 70,6%-ға орындалды. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 27,6 мың ш.м. жетіп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 106,8%-ға орындалды. 2023 жылға жоспар 27,8 мың ш.м. 1 тоқсанға пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 5,8 мың ш.м. немесе 103,1%-ға орындалды. 2022 жылы Қазығұрт ауылында 2 қабатты 10 пәтерлі 2 тұрғын үй құрылысын салуға жергілікті бюджеттен 195,8 млн. тг. қаралып, жыл қорытындысымен пайдалануға берілді. Тұрғын үй кезегінде тұрған 20 адамға пәтер кілті тапсырылды. Бүгінгі таңға аудан бойынша жалпы 1 053 адама тұрғын үй кезегінде тұр. 2023 жылға республикалық бюджет есебінен 40 тұрғын үйді сатып алу үшін 384 млн. теңге қаралып отыр. Тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметті осал топтардағы 40 отбасыға пәтер беру көзделуде (1 тұрғын үй бағасы 9,6 млн.тг). Бұдан бөлек, аудан бойынша жалпы 6 979 адам жер кезегінде тұрса, оның 93 пайызы аудан орталығындағы азаматтар құрап отыр. Осы мәселені шешу мақсатында, аудан орталығында орналасқан «Шығыс» мөлтек ауданынан мың гектар жер белгіленді. Ағымдағы жылы мың гектардың 80 гектар жеріне инфрақұрылым жүйелерінің құрылысын жүргізу үшін бюджеттен 883 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталу үстінде. Жыл қорытындысымен жер кезегінде тұрған 592 отбасыға жер телімі берілетін болады.