Экономика Жер кадастры саласындағы қызметіне ақы төлеу әрекеттерінің заңдылығына талдау жүргізілмек Редактор 19.05.2023 9404 1 оқу мин Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесі отырысы өтті Күн тәртібінде екі өзекті мәселе қаралды: Түркістан қаласының аумағындағы кәспікерлік қызметке кедергі келтіріп отырған жол жүру белгілеріне қатысты; Төлеби аудандық жер кадастры қызметінің қызмет көрсету ақысының негізсіздігі. Жиын соңында Түркістан қалалық әкімдігі мен Түркістан қалалық Полиция басқармасына «Қуаныш» ЖШС сауда орталығының жанындағы Сайрам көшесі бойында орнатылған 3.27 (тоқтауға тыйым салынады) жол белгісіне қосымша сағат 20:00-ден 10:00-ге дейін тоқтауға рұқсат беру белгісін орнату туралы оң шешімін тапты. Екінші сұрақ бойынша Төлеби ауданының прокуратурасына, Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне Төлеби аудандық жер кадастры бөлімшесі, «Қазпошта» АҚ-ның Төлеби аудандық бөлімшесі мен «STE-Company» ЖШС-нің жеке азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінен жер кадастры саласындағы қызметіне ақы төлеу әрекеттерінің заңдылығына құқықтық баға беріп, талдау, тексеру жұмыстарын жүргізуге ұсыныс берілді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Тау туризмін дамыту — басты назарда 1 оқу мин Экономика Тау туризмін дамыту — басты назарда 05.03.2026 8857 ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 27.02.2026 7139 Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 1 оқу мин Экономика Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 24.01.2026 57996