Экономика Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру жоспары артығымен орындалды Редактор 21.05.2023 2736 1 оқу мин Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығында 7,7 млрд. теңге сомасында өнім өндірілді. Атап айтқанда, биыл 70 мың 400 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру жоспары 93 пайызға орындалды. Шұбар ауылындағы «Шұбар» шаруа қожалығы бүгінде егістіктен мол өнім алып отыр. Бәрі де жоғары технологиялардың арқасында дейді шаруа қожалығының жетекшісі. Бүгінде мол өнім алу үшін түрлі органикалық және минералды тыңайтқыштар қолданылуда. Ылғалдылықты ұзақ сақтауға мүмкіндік беретін көп уақыт пен еңбекті қажет етпейтін техникалар пайда болуда. Өңірдегі кейбір шаруа қожалықтары озық технологияны пайдаланып, жақсы нәтижеге қол жеткізуде. Мәселен, бүгінде Түркістан облысының шаруаларына Еуропада жасалған тұқым себетін қондырғыны сатып алу ұсыныуда. Аталған қондырғының артықшылықтары көп. Ол бес тапсырманы орындай алады – ол бір күнде 50 гектар жерге егін себеді. Дрон 6-7 минутта 1 гектар жерді өңдей алады. Аталған қондырғыны сатып алуға құмбыл болып отырған шаруа қожалықтары көп. егер де осы техникаға қол жеткізсе қаншама шығынның орны жабылар еді. Ең алдымен уақытты үнемдеуге септігі мол. Ерте көктемде әр күні ауа райының қабағын бағатын дихандар үшін әр жылы күн маңызды. Сондықтан да аталған озық техникаларды алу өте тиімді болып отыр. Озық технологияларды пайдалану бүгінгі күннің талабы. Сонымен қатар, дайын өнім шығаруды қолға алу да басты қағпда болып отыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 1 оқу мин Экономика Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 25.04.2024 2564 ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 08.04.2024 5951 ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ Экономика ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ 04.04.2024 5852