Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданыында өткен жылы 71,4 мың гектар егістік жер игерілген болса, ағымдағы жылы 71,5 мың гектарда ауыл шаруашылығы дақылдары өсірілуде. Оның ішінде: 46,3 мың гектарда дәнді дақылдар өсіру жоспарланса, бүгінгі таңда 46,3 мың гектарға дәнді дақылдар себілді. Дәнді дақылдардың басым бөлігі Дарбаза, Жылға, Әлімтау, Ақжар, Жібек жолы, Дербісек, Қызылжар ауылдық округі аумағында өсірілуде. 2022 жылы бидай гектарына 14 – 16 центнер, арпа 12 – 15 центнер өнім берсе, биылғы жылы бидай 15 – 18 центнер, арпай 13 – 17 центнер өнім береді деп күтілуде. Бұршақты дақылдарды 119 гектарға орналастыру жоспарланса, жоспар 100 ℅ орындалып отыр. Оның ішінде: маш өсірумен Құркелес, Тегісшіл, Жібек жолы, Ақжар ауылдық округінің шаруалары айналысуда, гектарына 12– 13 центнер жоспарлануда. 895 гектар аумақта майлы дақылдар өсіру жоспарланған, бүгінгі таңда 480 гектар мақсары Дарбаза, Ақжар, Дербісек, Жібек жолы ауылдық округтерінде өсірілуде, өткен жылы гектарына 10 – 12 цн өнім алынса, биылғы жылы 13 цн өнім алынады деп күтілуде. 415 гектар күнбағыс Ақжар, Дербісек, Қызылжар, Құркелес, Тегісшіл ауылдық округі аумағында. 2022 жылы гектарына 10 – 12 цн өнім алынған, ағымдағы жылы өнім көлемін 11 – 12,5 цн жеткізу жоспарлануда. Бақша өнімдерін өсірумен Ақжар, Дербісек, Қызылжар, Тегісшіл, Құркелес ауылдық округіндегі шаруалар айналысады. Биылғы жылыжалпы 937 гектарға бақша өнімдері егілді. Ауданның Ақжар, Дербісек, Жемісті, Жібек жолы, Қызылжар, Қабланбек, Құркелес, Жарты төбе, Тегісшіл ауылдық округі аумағында 3000 гектарға картоп егілді, өткен жылы гектарына орта еспеппен 25, 0 тн өнім алынса, биылғы жылы өнім көлемі орташа 28 – 30 тонна болады деп күтілуде. 10500 гектарға көкөніс өсіру жоспарланса, бүгінгі таңда 10501 гектарға көкөністер егілді. Ақжар, Дербісек, Жемісті, Жібек жолы, Қабланбек, Қызылжар, Сарыағаш қаласы, Құркелес, Жарты төбе, Тегісшіл ауылдық округіндегі шаруалар көкөніс өсірумен айналысады. Бүгінгі таңда, шаруалар өнімдерін жинауға кірісіп кетті, атап айтқанда Жарты төбе, Құркелес, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан шаруақожалықтары ашық алаңда өсірілген құлпынай өнімін саудалауда. Оның ішінде Құркелес ауылдық округінде орналасқан «Абдурахман» шаруақожалығы 25,0 га аумақта құлпаный өсіруде. Сонымен қатар, Жарты төбелік, Құркелестік шаруалар әлеуметтік маңызға ие 10102 тонна қырыққабат өнімін жинап, еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтуде. 2022 жылы қырыққабат өнімі гектарына орта есеппен 25 – 30 тоннадан жиналса, быилығы жылы 30 – 35 тонна аралығында өнім беруде. 2022 жылы суармалы егістіктен 478,0 мың тоннадан астам көкөніс жиналса, ағымдағы жылы 500,0 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда. Бір алқаптан жылына 2 – 3 өнім алу жобасы ауданда 1765,3 гектар жерде жүзеге асырылуда. Мал азығын қамтамасыз ету бойынша 9746 гектарда мал азығы өсірілуде. Осы жұмыстардың нәтижесінде 2022 жылдың қортындысымен ауыл шаруашылығы өнім көлемі 119,2 млрд теңгені құраса, биылғы жылы 128,6 млрд теңгеге жетеді деп күтілуде. 2023 жылдың қаңтар – сәуір айларында 26,5 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. «Ырыс» микро қаржы ұйымы тарапынан көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 30 агроқұрылымға 116,1 млн теңге көлемінде төмен пайызды несие берілді. Ауданда көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 4110 тн бағасы жеңілдетілген дизель отыны бөлініп отыр, бөлінген дизель отынын шаруаларға жеткізуші ретінде 3 – оператор облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан анықталған. 224 – агроқұрылым жеңілдетілген дизель отынымен қамтамасыз етілуде. Ауданда орналасқан 683,2 га жылыжайдың бүгінгі таңда 651,3 га түрлі көкөністер өсірілуде, жыл қорытындысымен жылыжайлардан 100,0 мың тонна (2022 жылы – 92,0 мың тонна) көкөніс жиналады деп күтілуде. Жылыжайлардың басым бөлігі Дербісек, Жібек жолы, Қабланбек, Құркелес, Жарты төбе ауылдық округі аумағында орналасқан. Шаруаларымыз жылыжайдан гектарына 60 – 90 тонна аралығында өнім жинауда. Сонымен қатар, жылыжайда өсірілетін өнімдерді әртараптандыру бойынша шаруаларымыз бірқатар еңбектер жасауда, нәтижесінде жылыжайда лимон, мандарин, құлпынай өнімдерін өсіруді қолға алып отыр. Бүгінгі таңда ауданда 5 га жылыжайда лимон, 1 га жылыжайда мандарин көшеттері өсірілуде. 2023 жылы ауыл шаруашылығы саласында 11 – инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 7,0 млрд теңгеден, тамақ өнеркәсібіне 600,0 млн теңгеден астам инвестиция тартылады деп күтілуде.