Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы бойынша жалпы ауыл шаруашылығы жерлері – 218 234 гектарды құрайды. Оның ішінде егістік жерлер – 87 348 га (тәлімі жерлер – 53 330 га, суармалы жерлер – 34 018 га) Ауылшаруашылығы саласында ағымдағы жылдың қаңтар–сәуір айларында 10,4 млрд.тг өндірілген өнімі өндірілді. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 70 400 гектарға орналастыру жоспарланып, бүгінгі күнде 70 421 гектарға немесе 100 пайызға орындалып отыр. Оның ішінде: бидай – 23 892 га жоспарланып, орындалуы 23 894 га немесе 100 %-ға, арпа – 2 474 га жоспарланып, орындалуы – 2 475 га немесе – 100 %-ға, дәндік жүгері – 7 011 га жоспарланып, орындалуы – 7 011 га немесе 100 %-ға, мақсары – 4 912 га жоспарланып, орындалуы – 4 913 га немесе 100 %-ға, күнбағыс – 500 га жоспарланып, орындалуы – 500 га немесе 100%-ға, ескі жоңышқа – 13 848 га, жаңа жоңышқа – 5 671 га жоспарланып, орындалуы – 5 675 га немесе 100,2 %-ға, мақта – 6 634 га жоспарланып, орындалуы – 6 640 га немесе 100 %-ға, көкөністер – 3 082 га жоспарланып, орындалуы – 3 085 га немесе 100,1 %-ға, бақша – 1 747 га жоспарланып, орындалуы – 1 750 га немесе 100 %-ға, картоп – 636 га жоспарланып, орындалуы – 636 га немесе 100%-ға бүгінгі күнге орындалып отыр. Егістік жерлерді тиімді пайдалану 1 алқаптан 2-3 рет өнім алу жобасы бойынша ауданда 401 гектарға жоспарланып, орындалуы 141 шаруа қожалықтары 408 гектарға көкөніс бақша дақылдарын орналастырып отыр. Сонымен қатар, ағын суды үнемді пайдалану арқылы мол өнім алу бағытында ағымдағы жылы – 500 гектар жерге тамшылатып суғару жүйесін ендіру жоспарының бүгінгі күнге орындалуы – 340 га немесе 68 пайызды құраса, жаңбырлатып суғару жүйесін ендіру жоспарының (500 га) орындалуы 430 га немесе 86 пайызды құрап отыр. Мал шаруашылығы саласына тоқталар болсақ, ағымдағы жылдың 4 айының қорытындысымен ауданда — 5 978,6 тонна мал мен құстың еті өндірілсе, — 14 161 тонна сиыр сүті, — 3 208,5 мың дана жұмыртқа өндірілді. Ірі қара мал – 89 726 басы, қой – 480 063 бас, ешкі – 22 614 бас, жылқы — 26 450 бас, түйе – 912 бас, құс – 371 103 басты құрап отыр.