Экономика Түркістан облысының жеңіл тұздалған топырақтарында түйе жоңышқаны өсірудің қорүнемдеу технологиясын енгізу» тақырыбында жоба жүргізілуде Редактор 23.05.2023 5266 1 оқу мин Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің көкөніс шаруашылығы саласының және суармалы егіншіліктің өзекті мәселелері бойынша көшпелі отырысы шеңберінде «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС шаруашылығымен танысу іс-сапары ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшелері іс-сапар барысында Түркістан облысындағы «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС –нің егістік алқаптарын, жемістер мен көкөністерді сақтау қоймаларын, қайта өңдеу цехын және сенімгерлік басқаруға алған Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. Колледж әкімшілігі қонақтарға кәсіпорын мен колледждің тиімді әріптестігінің нәтижесі негізінде сенімгерлік басқаруға алған «DALA-FRUІT.KZ» ЖШС басқаруында бірлесе атқарылып жатқан жұмыстарды көрсетті. Атап айтқанда: Кездесу барысында озық технологиялармен жабдықталған алдыңғы қатарлы кәсіпорындар мен жұмыс берушілердің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының кадр даярлау мәселесіне айтып жүрген сын ескертпелері негізінде әзірленген білім беру бағдарламалары мен бұрынғы типтік үлгіде оқытылатын білім бағдарламаларының айырмашылықтары туралы сөз болды. Келген қонақтар колледж бен сенімгерлік басқаруға алған «DALA-FRUІT.KZ» ЖШС-нің академиялық дербестік аясында бірлесе әзірлеген 15 мамандық бойынша білім беру бағдарламалары мен оқу құралдарының көрмесін тамашалап, академиялық дербестік аясында атқарған жұмыстарына оң бағаларын берді. Білім беру бағдарламалары студенттерге қажетті біліктілікті алуға және қысқа мерзімде жұмысқа орналасуға, ал қажет болған жағдайда қосымша басқа біліктілікті алуға мүмкіндік береді. Бұл шаралар өндірістегі технологиялық өзгерістерге және еңбек нарығының сұраныстарына бейімделуге мүмкіндік береді. Колледждің ғылыми — инновациялық жұмыстар бағытында 2022 жылы №255 019 облыстық бюджеттік бағдарламасы аясында «Түркістан облысының жеңіл тұздалған топырақтарында түйе жоңышқаны өсірудің қорүнемдеу технологиясын енгізу» тақырыбында жүргізілген жобаның мақсатын, міндетін, экономикалық тиімділігін және колледж білім алушыларын ғылыми шығармашылық жұмыстарға баулудағы тиімділіктері және 2023 жылға жоспарланған жобалары таныстырылды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 26.11.2024 1702 ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 1 оқу мин Экономика ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 26.11.2024 1671 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 1 оқу мин Экономика САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 23.11.2024 15012