Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданы облыстағы ең шаруақожалықтары көп шоғырланған аудан. Облыс көлемінде жылына 1 алқаптан 2-3 өнім алу жобасын іске асыруда көш бастап отыр. Ауыл шаруашылығын дамытуға да өте қолайлы аудан. Мұнда ағын су мәселесі де шешімін тапқан. Аудандағы 379 шаруа қожалық иелері 890 га жерге 2-ші өнім егу жұмыстарын жүргізсе, ал қалған шаруа қожалықтар екінші өнімді егу жұмыстарына қызу дайындық жасауда. Жоба аясында жұмыс жүргізуге жалпы 399 шаруа қожалығы ниет білдіріп, егіс көлемі 925,6 га болатын инновациялық жобалар іске асырылуда. Биылғы жылы да мол өнім жинау жоспары бар. Аудан дихандары биыл да жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткіземіз деп отыр. Сарыағаштағы барлық үй бау бақшасын жайқалтып отыр деуге болады. Аудандағы әр үйдің ауласы кішігірім мәуелі баққа айналған. Сонымен қатар, аудан бойынша үй іргелік жерге тамшылатып суару әдісін қолдану арқылы өнім алу жобасы да бүгінде қарқын алған. Аталған жобаға Дербісек және Жемісті ауылдық округтеріне қарасты ағын суы жоқ елді мекендерден тұрғындары қолға алып отыр. Күні кеше ауданәкімі Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округі аумағындағы орналасқан «Ускенбай» шаруақожалығында болды. Шаруақожалық төрағасы У. Рысмамбетов аудан әкіміне егін егу барысын баяндап, өсіріп отырған өнім түрлерімен таныстырды. — Ауыл шаруашылық өнімдері-тұрғындардың басты азығы. Аудан тұрғындарын ауыл шаруашылық өнімдерімен толығымен өзіміз қамтуымыз керек. Мемлекет қолдауы жылдан-жылға артып келеді. Мүмкіндікті дұрыс пайдалану арқылы, шаруақожалықты үлкен мекемеге айналдыруға болады. Бұл бағытта жұмыстарыңызды тоқтатпаңыздар, — деп аудан басшысы,өз қолдауын білдірді. Айта кетсек, шаруақожалық төрағасы 2 га аумақтың 1 га картоп, 0,6 га қырыққабат, 0,4 га болгар бұрышын егіп, бүгінде өз кәсібін дөңгелетіп отыр.