Түркістан облысына қарасты Сауран ауданындағы Майдантал ауылында «ИС Жангир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қант құмайы «Сорго» дәнді дақылын егуді бастады. Қант Құмайы дәнді дақылдар тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер, көк шөп тұқымдасы. Азияда, Африкада, Оңтүстік және Солтүстік Америкада, Еуропада және Австралияда өсетін 30-ға жуық түрі кіреді. Құмайдың бірқатар түрлері мәдени өсімдік ретінде өсіріледі – дәнді, техникалық және жемдік. Қант құмайы – жылуды жақсы көретін, ыстыққа және құрғақшылыққа төзімді дақыл. Тұқымның өнуі, өсімдіктердің өсуі мен дамуы үшін оңтайлы температура +20…+30 °С. Қант Құмайдың ерекшелігі – оның бастапқы кезеңінде өсу қарқынының төмендігі, сонымен қатар өсу мен дамудың қолайсыз жағдайында оның өсуін тоқтатып, қолайлы жағдайлар пайда болғанша анабиотикалық күйде қалу мүмкіндігі жоғары. Қант Құмайы дақылдары шабылғаннан кейін жақсы өседі, ол мал азығын дайындауда белсенді қолданылады. Майдантал өлкесінің жағдайында суару кезінде бір маусымда 4-ке дейін толыққанды шабуға болады екен. Бұл тұста ерекше айта кететініміз Түркістан облыстық Кәсіпкерлер палатасының ерекше қолдауы. Өңірдегі мықты кәсіпкердің бірі ИС Жангир ЖШС-не қолдау білдіріп, Қызылорда облысына барып, сол жақтан «сорго» өнімін алып келіп ауыл маңайындағы егістікке егу жұмысын бастады. Алдағы уақытта жылына төрт рет өнім алу жоспарда бар- дейді кәсіпкер. Жанполай Қыдырбайұлы