Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекені, сондай-ақ Қабланбек ауылдық округі Ақниет елді мекендеріне арнайы барып, онда жүргізіліп жатқан ауыз су қоймаларының құрылыс жұмыстарының жағдайымен танысып, сапасын тексерді. Сонымен қатар,аудан басшысы су құбыры өтіп жатқан аталған елді мекендердің көшелерін арнайы аралап, жөндеу жұмыстарын бақылады. Бүгінгі таңда, аталған су қоймаларының қалыптары құйылып, бетін жабу кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс монтаж жұмыстары 70 пайызы орындалып,ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарда. Құрылыс нысандарында болған аудан басшысы Арман Абдуллаев елдің игілігіне бағытталған істер сапалы әрі өз уақытында жүргізілуі тиістігін, сондай-ақ бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшыларына алдағы уақытта құрылыс жұмыстарының барысын арнайы өзі келіп қадағалап тұратынын жеткізді.