Тамылжыған табиғатымен, саф таза ауасымен, туристік аймақ ретінде танылған Төлеби ауданында ауыл шаруашылық саласы да қарқында дамуда. Ауыл шаруашылық — ауданның экономикалық әлеуетiн нығайтуға, ел бюджетiнiң қалыптасуына үлес қосып келе жатқан салалардың бірі. Сондықтан, аграрлы ауданның шаруалары ауылшаруашылық техникаларын 12 бірлікке жаңаланып, бұл көрсеткіш 1316 техникаға жетті. Аграрлық салаға байланысты мәселе мемлекет саясатының стратегиялық маңызы бар бағыты болып табылатындықтан, халықтың әлеуметтік экономикалық даму деңгейін қамтамасыз ету үшін, оның дәстүрлі, қалыптасқан ата кәсібі – мал және егін шаруашылықтарын, жалпы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға экономиканың басқа салаларына қарағанда артықшылық беруде. Ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы мен көлемін арттыруға ағын судың мүмкіндігі зор екенін ескеріп, шаруаларға ағын су жеткізу мақсатында жыл басынан аудандағы 74 каналдың 38 каналы аудан меншігінде болса, 15 канал механикалық тазалаудан өтті. «Олжалы» каналының негізгі 5 дана шлюздерінің айналасы бетондалды, 5 қораның учаскесіне баратын құбырлары бетондалды. «Қарашора» 1 шақырым аумағына темір бетон науа қойылды. Қарқынды бау шаруашылығын дамыту 5 гектарға ұлғайтылып, 425 гектарға жетті. 1 алқаптан 2-3 өнім алу бағытында 110 гектарға көкөніс егілді. Нәтижесінде, жалпы өңірлік өнім көлемі 3 айда 21,6 млрд теңгеге жетті.