Экономика Уақ мал тоғытатын орындар салу мәселесі шешімін таппақ Редактор 26.05.2023 2941 1 оқу мин Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, мал бастарын сәйкестендіру мәселелерін шешу бойынша құрылған жұмысшы топқа берілген тапсырмалардың орындалуын талқылау үшін, Түркістан облысы ветеринария басқармасы басшысының м.а. Ғ. Құрманбай мен Шардара ауданының әкімі Қ. Жолдыбайдың қатысумен кездесу ұйымдастырылды. «Түркістан облыстық статистика департаментінің бюллетеніндегі, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқор базасындағы және ауылдық округ әкімдіктерінде жүргізілетін ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу кітапшасындағы мал бастарын сәйкестендіру мәселелерін шешу туралы» Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, жұмысшы топ құрылған болатын. Кездесу барысында ветеринария саласында біршама уақыттан бері шешімі табылмай келе жатқан мәселелер талқыланды.Атап айтқанда, Шардара ауданындағы мал басын сәйкестендіру, ветеринария мамандарының ғимаратпен қамтылу жағдайы, қажетті биотермиялық шұңқырларды және уақ мал тоғытатын орындарды салу, аудандағы ветеринариялық–санитариялық нысандарды құжаттандыру жұмыстарының барысы және ауданда атқарылып жатқан ветеринариялық іс-шаралардың орындалу барысы туралы сөз қозғалып, мәселелерді шешу жолдары талқыланды. Ауданда мал шаруашылығымен айналысатындардың қарасы қалың. Сондықтан да аталған мәселе маңызды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории МАҚТААРАЛДЫҢ ҚЫРЫҚҚАБАТЫ ӨЗГЕ ЕЛДЕРГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА 1 оқу мин Экономика МАҚТААРАЛДЫҢ ҚЫРЫҚҚАБАТЫ ӨЗГЕ ЕЛДЕРГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА 30.04.2024 1433 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 10 ТОННА ҚҰЛПЫНАЙ ӨНІМІН БЕРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Экономика САУРАНДА ЖЫЛЫНА 10 ТОННА ҚҰЛПЫНАЙ ӨНІМІН БЕРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ 29.04.2024 1975 Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 1 оқу мин Экономика Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 25.04.2024 3327