Экономика Ауыл шаруашылығын дамыту үшін ағын су мәселесі шешімін таппақ Редактор 29.05.2023 13417 1 оқу мин Өңіріміздің мақтанышы саналатын Ақсу-Жабағылы қорығына жылына мыңдаған шетел туристері келеді. Еліміздің түпкір-түпкірінен келетін қонақтарды айтпасада белгілі. Осы ретте, туризім үшін әлеуеті жоғары аймақ орталығын көріктендіру аса маңызды шаруа. Бүгін Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов жауапты мамандармен бірге Жабағылы ауылдық округінде болып, жергілікті ақсақалдармен кездесті. Басқосудағы басты мәселе ауылды көркейтуге арналды. Ардагерлер өз ойларымен бөлісіп, ауылдағы жайылым жер мәселесі, ауыл шаруашылығын дамыту үшін ағын су мәселесін шешу және медицина, идеология саласына қатысты өтініш-ұсыныстарын аудан әкіміне жеткізді. Әр мәселені мұқият тыңдаған Нұржан Жақсылықұлы айтылған өтініштерді жеке бақылауына алып, Заң аясында шешу мақсатында жауапты басқарма және мекемелермен тиісті жұмыстар атқарылатындығын жеткізді. Сонымен қатар, аудан басшысы округ орталығының тозығы жеткен ауыз су жүйесін қайта құрылымдаудан өткізу мәселесі алдағы жылдың басты жоспарында тұрғаның айтып, жер қазу жұмыстары толық аяқталғаннан соң ауылды абаттандыру шаралары басталатындығын атап өтті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 17.05.2026 13240 ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 08.05.2026 10390 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 14323