«Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты — ауыл тұрғындарының табысын арттыру, халықты жұмыспен қамту мәселесін шешу. Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданында жоба аясында скрининг жұмыстары жүргізіліп, «Ауыл аманаты» пилоттық жобасының І-кезеңіне Бадам және Шұбар ауылдық округтері енгізілді. Бүгінгі таңда, облыстық «Ырыс» МҚҰ-на 109 жеке кәсіпкердің құжаты жолданып, оның 38 — і комиссияның қарауына енгізіліп, мақұлданды. Жоба құны – 153,4 млн.тг құрады. Олар Бадам а/о — 24 жоба, құны — 101 млн.тг. Шұбар а/о — 14 жоба, құны – 52,4 млн.тг. Бүгінгі күнге, Бадам ауыл округінен 1 азаматқа 7 млн.тг., Шұбар ауыл округінен — 2 азаматқа 11 млн.тг 2,5 пайызбен несие берілді.