Бүгінде Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданына мемлекет тарапынан барлық қолдаулар көрсетіліп келеді. Дегенмен, табиғаты тамаша, өзендер бастау алатын аймақта туризм, ауыл шаруашылығы бағытындағы жобаларды іске асыруға әлеуеті жоғары. Осы ретте, бүгін аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов ауданға қарасты барлық ауылдық округ, кент әкімдерін жеке кәсібін өрлетуге ниетті азаматтармен бірге жеке-жеке қабылдап, аймақтарда іске асатын жобаларды саралады. Ауылдық округ, кент әкімдерінің негізгі жұмыс бағыты ауылға инвестиция тартумен бағаланатын айтып, жеке кәсібін дөңгелетемін деген азаматтарға әкімдік тарапынан Заңға сәйкес барлық қолдаулар көрсетілетіндігін жеткізді. Әр әкімге ауданға кәсіпкерлерді тарту бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, ауыл-аймақтардың әл-ауқатын көтеріп, жұмыссыздықты жою бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылатындығын атап өтті.