Түркістан облысында пайдаланылмай, бос жат¬қан және заңсыз алынған жа¬йылым жер алқаптарын қайта¬ру және түгендеу жұмыстары кү¬шейтілді. Космомониторинг ар¬қылы ал¬қап¬қа түсірілім жүргізілген. Нә¬ти¬жесінде, ауыл шаруашы¬лы¬¬ғы мақсатындағы қаншама геꬬтар жердің игерілмегендігі көрсетілген. Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданындағы Қайнарбұлақ ауылдық округінде 12511 халық бар. 8 елдімекеннен тұрады. Тұрғылықты халықтың негізгі күнкөріс көзі ауыл шаруашылығы. Тұрғындардың басым бөлігі мал шаруашылығымен, егін егумен, жылыжай шаруашылығымен айналысады. Жергілікті халық үшін жайлылым мәселесі өзекті. Бүгінде Түркістан облысы, Сайрам ауданында 49 жылға жалға беріліп, бірақ игерілмеген жерді қайтару бойынша республикада көш бастады. Бұл туралы Сайрам ауданына қарасты Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі Есбол Дүйсебаев айтты. Бүгінде ауданда осы бағыттағы жұмыстар қарқын алған. Есбол Дүйсебаевтің айтуынша тек Қайнарбұлақ ауылдық округі бойынша 1029,52 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылуы керек. Оның 662,1989 гектар жер телімі 9 ай ішінде мемлекет меншігіне қайтарылған. «Ел президентінің жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша тапсырмасы бар. Ондай тапсырма бізге де келіп түсті. Осы тапсырма аясында 2022 жылы 28 тамыз күні аудан әкімінің №278 қаулысына сәйкес Қайнарбұлақ ауылдық округінде 49 жылға жалға берілген 1029,52 гектар жерді мемлекетке қайтару керек болатын. Жасалған жұмыс нәтижесінде 662 гектар жер телімі қайтарылды. Бұл қайтарылатын жердің жартысынан көбі. Ал қалған 367 гектар жерді қайтаруға жұмыс жүргізіліп жатыр»,-дейді ауыл әкімі. Ат¬қарылатын жұмыстардың нәти¬жесінде жалпы облыстағы жа¬йылым қажеттілігі үш есе тө¬мендеп отыр. Осы орайда облыс әкімі жа¬йылымдарды қайтару, түгендеу жұмыстарын жандандыра түсуді тапсырды. Әкімдер бос жат¬қан жайылымдар кімнің атында екенін жасырмай айтулары керек. Жайылымдар ел игілігі үшін қолданылуға тиіс», — деген болатын облыс әкімі. Ауыл әкімінің айтуынша бүгінде ауыл тұрғындары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Үгіт насихат жұмыстарының арқасында аталған бағытта жұмыстар жанадана түсуде. Оның бір нәтижесі түсіндірме жұмыстарын жүргізгеннен кейін саналы түрде өз еркімен қайтарып берген адамдар көп. Ал қайтарғысы келмеген адамдармен сот поцесі арқылы жұмыс жүріп жатыр. Ауыл әкімінің тиянақты жұмысының арқасында аталған бағыттағы жұмыстарға өзге өңірлердегі әріптестері де қызығушылық танытуда. Жайылым жерді қайтару жұмысы бойынша Сайрам ауданына басқа өңірлерден тәжірибе алмасуға келіп жатқандардың қатары көп. Жуырда ғана Жамбыл облысынан осы тарапта тәжірибе алмасу үшін арнайы делегация келді. Олардың келу мақсаты осы жер қайтару жұмысы бойынша тәжірибе алмасу болды. Мамандар ол жақта бұл жұмыс өте баяу жүріп жатқандығын айтып отыр. Бүгінде Сайрам ауданы облыс бойынша да, еліміз бойынша да жер қайтару жұмысында бірінші орында тұр.