Өңір басшысы Жансейіт Түймебаев жуырда селекторлық мәжіліс өткізді. Жиын барысында белгілі болғанындай бүгінгі күні Оңтүстік Қазақстан облысында 9 айдың көрсеткіші бойынша әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы, «Нұрлы жол» және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламаларының орындалу барысы талқыланды. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рақымберді Мүлкемановтың айтуынша жыл аяқталуға жақын қалған мерзімде барлық салада өрлеу байқалатынын тілге тиек етті. Мәселен, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 319,6 млрд. Теңгеге жетіп, өнеркәсіп өнімінің көлемі 574,2 млрд теңгені құрап, құрылыс жұмыстарының көлемі 125,3 млрд. теңгеге жеткенін баяндады. Барлық салада өсім байқалады. Белгілісі бүгінде облыста құрылыс қарқын алып келеді. Биылға жоспарланған жұмыстардың барлығы да сәтімен жүзеге асуда. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Салыхан Полатовтың есебінше биылға жоспарланған 14 нысанның 7-нде құрылыс кестеге сай жүргізіліп жатыр. Осы қарқынынан таймаса құрысы нысандары белгіленген мерзіме аяқталып пайдалануға берілмек. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 54570 адамға бағдарлама қатысушысы ретінде қолдау көрсетілгенін хабарлады. Оның ішінде 19 965 адам өздігінше жұмыспен қамтылыпты. Бұл жылдық жоспардың 113 пайызға орындалғандығының айғағы.