Түркістан облысына қарасты Отырар ауданындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 643 398 га. Оның шінде: суармалы жерлер 43 492 га, жайылымдық жерлер 594 890 га, шабындық жерлер 1294 га, көп жылдық екпелер 433 га құрайды. Ауданда пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылығы жерлерін қайтару бойынша жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда 79 055 га (оның ішінде: 4142,0 га суармалы, 74708,0 га жайылым, шабындық 204 га) жерлердің қаулылары жойылып, ауданның арнайы жер қорына қайтарылды (2022 жылға жоспар 67,5 мың га). Сондай-ақ, агроқұрылымдардың мақсатына сай игермеген 162 703,81 га (оның ішінде:суармалы 8191,7 га, жайылым 154 512,11 га) жерлері анықталып, тізімі 2022 жылы Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне шара көру үшін жолданды. Биыл ірі агроқұрылымдармен екі жақты меморандум жасау арқылы елді мекенге жақын орналасқан 94 200 га жайылымдық жерлер ортақ жайылымға пайдалану үшін келісім жасалды (2022 жылға жоспар 90,7 мың га). Қазіргі уақытта ауыл округтері бойынша 50,6 мың га ортақ мал жайылым жерлер бар. 2022 жылы мақсатына сай пайдаланбай жатқан жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті жайылым жерлерді пайдаланбай жатқан жерлердің есебінен қамтамасыз ету үшін 2023 жылы 30,0 мың га жерлерді елді мекеннің ортақ мал жайылым жеріне беру жоспарлануда.2022 жылы 18 657 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың (17 100 шаршы метр) есепті кезеңімен салыстырғанда 109,1 %-ды құрады. Өткен жылы 8 млрд. 613 млн. 600 мың теңгенің (2021 жылы 2,196 млн. теңге) құрылыс жұмыстары жүргізіліп, көрсеткіш 2021 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 2,5 есеге артық орындалған. Былтыр Қоғам ауыл округі Талапты ауылындағы дәрігерлік амбулатория (жобалық құны 450 млн.теңге) құрылысы басталып, 2023 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Есепті жылы Балтакөл ауылындағы 200 орындық және Аққұм ауылындағы 100 орындық мәдениет үйлері пайдалануға берілді. Аққұм, Шытты ауылдарындағы медициналық емдеу мекемелері ғимараттарының тозығы жетуіне байланысты 2023 жылы жаңа ғимараттың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп, 2024 жылы құрылысын жүргізу көзделген. Аталған жобалар іске асқан жағдайда аудан орталығынан қашықта орналасқан елді мекендердегі 3 175 тұрғын сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі. 2023 жылы Ақтөбе, Шойманов ауылдарындағы 150 орындық мәдениет үйлерінің құрылысына «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында ұлттық қордан 200,0 млн. теңге қаржы қарастырылған. Құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі. Аудан бойынша 1 мектептің құрылысын аяқтау, 1 мектеп құрылысын салу және 1 мектеп жанынан қосымша жай салу жоспарда бар. 2023 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жаңа тұрғын алаптарын инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету бойынша 3 жоба іске асырылуда: — Шәуілдір ауылындағы Қызыл Түркістан жаңа тұрғын алабын электр қуатымен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысына (құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны 114,2 млн. теңге) 2022 жылы ұлттық қор есебінен 102,7 млн. теңге қаралып, игерілді. 2023 жылға құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін 11,5 млн. теңге қарастырылып, жұмыстар жүргізілді. — Шәуілдір ауылындағы жаңа ықшам ауданында газ құбырын салу (сметалық құны 350,8 млн. теңге); — Темір ауылындағы жаңа тұрғын алабының электр жүйесімен қамтамасыз ету құрылысы (сметалық құны 495,8 млн. теңге) мемлекеттік сатып алу конкурстары өтуде. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 509 жер учаскесі газбен, 443 жер учаскесі электр желісімен қамтылады.