Түркістан облысына қарасты Созақ ауданының көлемінде 1207 жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 4766 жетті. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2022 жылдың өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 94,6 пайызды құрайды. Аудан көлемінде 2023 жылдың I-тоқсанында 28 жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 4 792 жетті. Биылғы жылға инвестициялық 7 жоба іске асырылатын болады. Осы жобалар іске асқан жағдайда 1291 адамды жұмыспен қамту көзделуде. Атап айтсақ өңдеу өнеркәсібі саласындағы «Созақ Фосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар өндірісі, «Састөбе» инновациялық комплексі ЖШС-нің тұз сақтау қоймасы, «Казатомөнеркәсіп» ҰАҚ АҚ күкірт қышқылын өндіру, осы аталған үш жоба 2023 жылы басталып, 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Ал агроөнеркәсіп саласындағы «Атамекен» ш/қ» жаңбырлатып суару, «Дәмен» ш/қ жаңбырлатып суару, «Қуаныш» ш/қ органикалық тыңайтқыш Биогумус өндіру, ЖК «Б.Исаев» Шағын сүт фермасы аталған төрт жоба үстіміздегі жылы аяқталады деп жоспарлануда. Ауданда қазіргі таңда индустриалды аймақта 5 кәсіпорынға 10 га жер телімі берілген. Олар: «Uko-S Star» Уран тасымалдауға арналған болат бөшкесін шығару, «Uko-S Star» Металл құрастыру зауыты» ЖШС-ні техникалық май тасымалдауға арналған болат бөшкесі, «Дархан-Ас» ӨК өз жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда индустриалды аймақта инвесторларға ұсынылатын 38,2 га жер телімі бар. Осы индустриялды аймақта 5 жоба іске асырылуда. Онда 98 адам жұмыспен қамтылған. 2021 жылдан өтпелі болып іске асырылған 4 нысанның құрылысы 2022 жылы толық аяқталды, олар: Жуантөбе ауылының әкімшілік ғимаратының құрылысы Қаратау ауылының әкімшілік ғимаратының құрылысы Шолаққорған ауылындағы Қожанов көшесі бойынан әкімшілік (военкомат) ғимаратына қосымша жай құрылысы Аққолтық елді мекенінде 75 орынға арналған мәдениет үйінің құрылысы Жалпы, аудан бойынша құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2022 жылдың қорытындысымен 103,7 % болып орындалды. 2022 жылдан 2023 жылға өтпелі болып, «Созақ ауылындағы спорт алаңы құрылысы» нысаны іске асырылуда. 2023 жылдың желтоқсан айында құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Сонымен қатар «Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қаратау ауылы, Қазақстан көшесінен жабық шағын футбол алаңының құрылысы» нысанын жүзеге асыру басталды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Қазіргі таңда, «Шолаққорған ауылындағы спорт-сауықтыру кешенінің құрылысы» жобасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Нысанның құрылысын бастау үшін 2023 жылға республикалық бюджеттен қаржы қарастырылды. Нысан 2024 жылға өтпелі болып іске асырылады. Қазіргі таңда облыстық мемлекеттік сатып-алу басқармасы тарапынан конкурстық рәсімдер ұйымдастырылуда. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша «Созақ, Таукент, Жартытөбе және Жуантөбе ауылдарында Беккери шұңқыры» және «Қаратау, Қыземшек, Шу ауылдарында мал өлекселерін тастайтын шұңқыры құрылысы» нысандарын 2023 жылы бастап, аяқтау жоспарлануда. Қазіргі таңда конкурстық рәсімдер жүргізілуде. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде заманауи «Шолаққорған ауылындағы 900 орындық Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп салу» жобасын іске асыру жоспарлануда. Қазіргі таңда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тарапынан жобалау-cметалық құжаттама әзірленуде. Жалпы, аудан бойынша құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2022 жылдың I тоқсанының қорытындысымен салыстырғанда 945,0% болып орындалды. Аудан көлеміндегі 35 елді мекеннің 29 елді мекеніндегі (2 кент, 27 ауылдық елді мекен) 62 910 адам орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Орталықтандырылған ауыз су құбыры бар 29 елді мекеннің 23 елді мекеніне ауыз су 24 сағат берілсе, қалған 6 елді мекенге (Шолаққорған, Сызған, Созақ, Қарақұр, Қаратау, Қозмалдық) кестемен берілуде. «Шолаққорған ауылының Ақшам және Наурыз мөлтек аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы» жұмыс жобасы бойынша монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Нысан пайдалануға берілген жағдайда Шолаққорған ауылы тұрғындары тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.. Созақ, Шақырық елді мекендерін тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамту мақсатында жобалау-сметалық құжат (ЖСҚ) әзірлеуге аудандық бюджеттен 2023 жылға қаржы бөлініп, үстіміздегі жылы сәуір айында мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша жоблаушы анықталып, келісім шарт түзілді. Осы жылы ЖСҚ әзірленіп, облыстық, республикалық бюджетке ұсынылатын болады. Қаратау ауылы тұрғындарын тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ әзірлеуге қажетті қаржыны бөлу жөнінде аудандық бюджеттік комиссияға сұраныс берілді. Қаржы бөлінген жағдайда ЖСҚ әзірленетін болады. Сызған елді мекенінің тозығы жеткен су құбырларын қайта жаңғыртып, тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамту үшін қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылған. Алдағы уақытта мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс жұмыстарына қаржы бөлу үшін бюджетке сұраныс берілетін болады. Қарақұр, Қозмалдақ ауылдарын тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамту мақсатында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан ағымдағы жылы жер асты су қорын зерттеу жұмыстары басталды. Қақпансор, Қоңыратарық елді мекендері экономикалық жағынан тиімсіз елді мекендер санатында болғандықтан (халық саны 200-ден кем) блок-модуль кешенін орнату үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан ағымдағы жылы жер асты су қорын зерттеу жұмыстары басталды. Қарабұлақ, Балдысу, Басбұлақ, Саржаз елді мекендеріне ауыз су құбырын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2023 жылдың сәуір айында Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттен қаржы бөлу үшін құжаттар ұсынылып, сұраныс жолданды. Үстіміздегі жылдың маусым-шілде айларына дейін мердігерді анықтап, құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау жоспарлануда. Аудан, қалалардың аумағын көгалдандыру мақсатында облыс әкімдігімен бекітілген іс шара жоспары бойынша 2023 жылы Созақ ауданы аумағында 17650 түп көшет (әлеуметтік нысандардың аулаларына, саябақтар мен жол жиектеріне) отырғызылды. Оның ішінде: 2000 түп көшет Шолаққорған ауылынан Түркістан бағытына шыға беріс облыстық маңызы бар КХ-56 автомобиль жолының жоғарғы бөлігінен «Жасыл белдеу» аумағын 1,6 гектарға ұлғайтылып, сонда отырғызылды. Демеушілер есебінен құрылған аймақ 2022 жылдың көктем айларында Шолаққорған ауылынан Түркістан бағытына шыға беріс облыстық маңызы бар КХ-56 автомобиль жолының екі шетінен 3,2 га жер телімі шарбақтармен қоршалып, 3500 түп көшет (оның ішінде: 2500 түп қара тал, 1000 түп гүжім) отырғызылған. Аталған көгалдандыру аймағына политэлен құбырымен тамшылатып суғару жүйесі жүргізілген. Аудан аумағын көркейту, көгалдандыру мақсатында көшет отырғызу күз айларында жалғасын табатын болады. Ескерту: Созақ ауданы аумағында орман қоры жерлеріне сексауыл көшеті 500 га жер теліміне отырғызылған. «Бизнес бастау» жобасы аясында – 133 адам жоспарланған, жолданғаны 574 азамат, (орындалуы 432%). (2021 жылы 181 азамат қамтылған). 2022 жылмен салыстырғанда 317% орындалып отыр. Тұрақты жұмыс орындарына – 1200 орын жоспарланған, жолданғаны 1899 адам, орындалу пайызы 158,3% құрап отыр. (2021 жылы 1531 азамат қамтылған) 2022 жылмен салыстырғанда 124 пайызға орындалып отыр. Интеракциондық жеке бастама бойынша 871 жаңа жұмыс орындары ашылды. Өңірлік карта бойынша 130 жаңа жұмыс орындары ашылып, 92 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.