Экономика Инвесторларға мемлекет тарапынан ұсынылатын жеңілдіктер мен қолдаулар түсіндірілді Редактор 11.06.2023 5708 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданына инвесторлардың қызығушылығы жоғары. Ауданда ауыл шаруашылығының барлық саласын дамытуға аса қолайлы. Жуырда инвестор «АйМар Құс» ЖСШ Зертас ауылдық округінде 20 га жерге 440 мың бастық жұмыртқа өндіру (жылына 200 млн дана жұмыртқа) бағытында құс фермасын және Киелітас ауылдық округінде «АйМар Құс» ЖСШ қуаттылығы сағатына 10 тонна құрама жем өндіру цехының құрылысын жүргізуді жоспарлауда. Қазір жобаға қажетті жер телімдері рәсімделуде. Инвестордың ұсынысы мен жоспарлары мұқият тыңдалып, талқыланды, жобаны сапалы және уақытылы атқару қажет екенін айтылды. Жобаға қажетті жер телімін бөлу үшін тиісті дербес бөлімдерімен және жоба бастамасышысымен жол картасының қадамдық іс-шаралары талқыланып, өзектендіріліп, әзірленуде. Ауданға келген инвесторға мемлекет тарапынан ұсынылатын жеңілдіктер мен қолдаулар түсіндірілді. «АйМар Құс» ЖСШ құс фабрикасына қажетті қуаттылығы сағатына 10 тонна құрама жем өндіру цехының құрылысы жобасын бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу үшін жоба бастамасышысы, «Turkistan Invest » инвестиция тарту және экспортты дамыту аймақтық агенттігі» ЖСШ және Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданының әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі жобаны бірлесе талқылап, қажетті бизнес -жоспары жасалынды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 1 оқу мин Экономика САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 23.11.2024 13794 ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 21.11.2024 20071 ТӨЛЕБИДЕ ЖЫЛЫНА 120 МЫҢ ДЕМАЛУШЫНЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН ТАУ ШАҢҒЫСЫ КУРОРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Экономика ТӨЛЕБИДЕ ЖЫЛЫНА 120 МЫҢ ДЕМАЛУШЫНЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН ТАУ ШАҢҒЫСЫ КУРОРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 08.11.2024 77375