Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында бүгінде ауыл шаруашылық саласында өркендеу бар. Аудандағы кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімінің көлемі жылдың қорытындысымен — 13,5 млрд. теңгені құрады (жоспар – 13,2 млрд.тг), өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,1%-ға орындалды. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінің жылдық жоспары — 25,8 млрд. теңге болып бекітілді. Жыл қорытындысымен — 23,1 млрд.теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 123,6%-ға немесе 4,7 млрд. теңгеге артты. Жалпы бюджеттік емес жеке инвестиция 19,1 млрд.теңге құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,0 млрд. теңгеге артты. Яғни, бюджеттік емес жеке инвестиция бойынша тиісті жоспары артығымен орындалды, алайда бюджеттік инвестиция бойынша аудандағы білім беру мекемелерінің 2022 жылға жоспарланған ғимараттарының 2023 жылға өтпелі болғандықтан, 1-инвест бойынша 4,3 млрд. теңгеге жуық қаражатының есебі статистикалық есептіліктері тапсырылмады (Қызылқия, Тұрбат, С.Рақымов және Қақпақ). Сонымен қатар, 2023 жылға негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінің жылдық жоспары — 31,5 млрд. теңге болып бекітілді. Бүгінгі таңға, жоспарды орындау мақсатында барлық ауыл округтер бойынша жаңадан ашылатын инвестициялық жобалардың тізімі жинақталуда сондай-ақ, ауданға инвесторларды іздестіріп, тарту жұмыстары жүргізілуде. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі – 11,5 млрд. теңгені құрады (жоспар – 8,7 млрд.тг), өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,0%-ға орындалды. Бүгінгі таңға жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 12368 бірлікті құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 128,3%-ға орындалды. Осы бағытта ауданымызда 16743 адам жұмыспен қамтылып, олардың өндірген өнім көлемі – 100,4 млрд. теңгеге жетті немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 123,5%-ға артты. Бөлшек сауда өнімінің көлемі – 8,7 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,2%-ға орындалды. Көптеген кәсіпорындардың өндіріс қарқынының өсуі, жаңа қуаттардың енгізілуі және технологиялық процесті модернизациялау өнеркәсіптік сектордың орнықты дамуына ықпал етеді. Ол үшін ауданымыздағы өндіріс орындарын көбейту үшін «Қазығұрт» индустриялдық аймағына инвесторлар тартып жаңа жұмыс орындарын ашуды қажет етеді. Ауданның инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында «Қазығұрт» индустриялдық аймағы (35 га) құрылып, кәсіпкерлерге мүмкіншілік жасалды. Яғни, индустриялдық аймақтағы инфрақұрылым жүйелерінің қуатын ұлғайту арқылы қосымша кәсіпорындар, жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда, 10,86 гектар жер телімінде 7,3 млрд. теңгелік 193 жұмыс орнын құрайтын 5 жоба орналастырылған (1.«Асыл бастау.kz» ЖШС-ның «AQUA THE BEST» атауымен 0,5 — 1,0 — 5 және 19 литрлік ыдыспен ауыз су өндірісі, 2.«CG Foods Central Asia» ЖШС-ның «Тез әзірленетін тағамдар» өндірісі, 3.«Көрік ШҚ» ЖШС-ның «Алкогольсіз табиғи шырынды сусындар шығару» өндірісі, 4.«Отырабат-Құрылыс» ЖШС-ның «Газабетон блогы» өндірісі, 5.«ЮКГУ» ЖШС-ның «Газабетон блогы» өндірісі). Сонымен қатар, Қақпақ ауылы округіне қарасты Заңғар елді мекенінде орналасқан «Ынтымақ» СТК-нің жалпы құны 700 млн. теңгелік 1,3 МВт/сағ. кіші су электр станция жобасы іске қосылу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңға жер учаскелері тегістеліп, ғимараттың құрылысы аяқталып, Чехия мемлекетінен қондырғылар жеткізілді сондай-ақ, кәсіпорынды 2023 жылы іске қосу көзделуде. Мемлекеттік бағдарламалардың қолдау құралдары арқылы ауданымыздағы шағын және орта бизнестің дамуына және жаңадан ісін бастаған кәсіпкерлерге бірінші кезекте жеңілдетілген несие қажет. Жалпы қаржы ұйымдары арқылы 2022 жылдың қорытындысымен 324 тұлға 2120,0 млн. теңгеге несиелендірілді. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру үшін конкурстық іріктеуге қатысып, қорытындысымен 1 азамат грантқа қол жеткізді. Мемлекет басшысы шағын және орта бизнестің рөлін күшейтіп, оның ел экономикасындағы үлесін 2025 жылға қарай 35 пайызға дейін жеткізу міндетін қойған болатын. Бұл бағытта «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бастау алған. Бүгінгі күнге жалпы құны 40,0 млн. теңге көлемінде кәсіпкерлік бағытындағы 1 жобаға несие берілді. Қажетті несиемен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасын табатын болады. 2022 жылы жалпы құны 3,9 млрд. теңгелік, 503 жұмыс орнын құрайтын 65 ірі және орта жобалар іске асыру қарастырылған болса, бүгінгі таңға 303 жаңа жұмыс орны ашылып сондай-ақ, 300-ге жуық азаматтар жеңілдетілген несиеге қол жеткізді.
Б. Өсербаев, Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары