Бүгін бекітілген жоспар бойынша Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков Бөген ауылдық округі тұрғындарымен Шалдар ауылында кездесті. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан Шалдар ауылының ауыз суы, су жинайтын мұнараны аыстыру, құрылыс жұмыстары жүргізілген Сарқырама елді мекенінің ауыз суын қабылдап, пайдалануға беру, Шалдарсай көшесіне тас төсеу мәселелері көтерілді. Аудан әкімі көтерілген мәселелер бойынша жеке-жеке жауап беріп, сала бойынша орынбасарлары мен тиісті бөлімдер мен мекеме басшыларына және ауыл әкіміне нақты тапсырмалар жүктеді. Жиында аудан басшысы округ тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелер назарға алынып, арнайы хаттама түзіліп, әрбір мәселені шешу бойынша жұмыстар атқарылатынын жеткізді. Жалпы округке қарасты Жиенқұм елді мекенін газға қосу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ержігіт Шәріпбековтің Бөген ауылдық округі тұрғындарымен өткен жиынына аудандық мәслихат төрғасы Асқар Кенехан, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары қатысты. Бұдан кейін Ержігіт Шәріпбеков Ақбастау ауылына барып, округ тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді. Округ орталығындағы Ш.Уалиханов атындағы мектептің ауласында ашық еркін форматта өткен кездесуде ақбастаулықтар көкейде жүрген сауалдарын қойып, бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Аудан әкімі Ақбастау ауылдық округінде бұған дейінгі кездесулерде көтерілген мәселелердің жоспарға енгізіліп, тиісті жұмыстар атқарылып жатқандығын баяндады. Тұрғындар тарапынан округ орталығында ауыз су толық жетпейтіндігін, ішкі көшелердегі ағын су ағатын арықтарға құбыр қою, Бөген көшесіне бағана орнату және басқа да әлеуметтік мәселелерді көтерді. Тұрғындардың көтерген мәселелесі бойынша аудан әкімі тиісті сала бойынша орынбасарлары мен бөлім басшыларына және ауылдық округі әкіміне мерзімін белгілеп нақты тапсырма жүктеді. «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында Ақбастау елді мекеніндегі 11 ішкі көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңадан асфальт төселіп, аяқ жолдар салынып, суағарлар мен көше шамдары орнатылады. Кездесу барысында ақбастаулықтар округке көңіл бөліп, атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын жеткізіп, аудан әкіміне алғыстарын білдірді. Жиынға аудандық мәслихат төрағасы А.Кенехан, аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары қатысты.