Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, Жергілікті полиция қызметі басқармасы, Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінен арнайы топ құрылды. Арнайы құрылған топпен табиғатқа залал келтіріп, тау-тасты заңсыз пайдаланатындарды анықтауда Сайрам, Шардара, Арыс, Отырар және Келес аудандарында жүйелі жұмыс жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері Сайрам ауданында 5, Арыс ауданында 3, Келес ауданында 4, Шардара ауданында 1 деректі анықтады. Құқық бұзушыларға қатысты іс құжаттары жинақталып, ҚР ӘҚБтК-нің 139-бабы «Жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу» бойынша жауапкершілікке тарту үшін, Экология департаментіне жолданды. Белгілі болғандай, жергілікті тұрғындар шағал қиыршық тастарды жүк көліктеріне артып, алып кетпек болған. Алайда полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында табиғатқа зиян келтіре алмады. Заң бұзушылық дер кезінде тоқтатылды.