Әлеумет КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖАҢА ИППОДРОМ САЛЫНАДЫ Редактор 16.09.2023 12597 1 оқу мин Түркістан облысының Келес ауданынан елімізге және жақын шет мемлекеттерге танымал шабандоздар мен ат бегілер шыққан. Олардың жоғары жетістіктерне қызыққан жастар ат спортымен айналысуда. Жастардың салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасау және өңірімізде ат спортын дамыту мақсатында жаңа ипподромның құрылысы басталмақ. Бүгін Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев 1 – Мамыр елді мекенінде болып, ипподром құрылыс үшін тиімді жер телімдерін көзден кешірді. Жауапты мамандарға тапсырма жүктеп, ипподромның жобалық-сметалық құжаттамасы дайындауды тапсырды. -Келес ауданында ипподром салу туралы әңгіме бірнеше жылдан бері қозғалып келеді. Ат – қазақтың жанына жақын киелі жануарлардың бірі. Ат спортын дамыту бұл үлкен жетістіктерге алып келері анық. Жаңа кешенде ат спорты түрлерін дамытамыз. Тездетіп құжаттандыру жұмыстарын аяқтап, атқарылған жұмыстар бойынша маған есеп беріңіздер, — деді аудан әкімі. Айта кетейік, Келес ауданынан «Жаппай көкпар үздіктері» – Ғалымжан Мырзабаев, Жомарт Зиябек сынды танымал шабандоз балуандар шыққан. Сонымен бірге спорт саласын дамыту, жастардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау үшін аудан аумағындағы спорт алаңдарын жаңарту мәселесі күн тәртібінде тұр. Осы орайда аудан басшысы Біртілек ауылдық округінің Шұқырсай елді мекені мен Қошқарата ауылдық округінің Бесқұбыр ауылына барып, ондағы футбол алаңдарын заман талабына сай етіп жабдықтау мақсатында реконструкциядан өткізу бойынша жауаптыларға тиісті тапсырмаларды жүктеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6417 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6981 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6592