Әлеумет КЕНТАУДА 5 МЫҢ ҚЫЗҒАЛДАҚ ЕГІЛЕДІ Редактор 22.09.2023 8297 1 оқу мин Кентау қаласында биыл 45 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланған. Оның облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан үлестірілген 33 мыңнан астам ағашы көктемде отырғызылды. Күз мезгілінде 11 800 мың ағаш отырғызылады деп жоспарлануда. Биылғы күздік маусымда ағаш отырғызу жұмыстары басталмақ. Кентау қаласының көшелеріне және қала кіреберісіндегі жасыл аймақтың көгалдандыруына ерекше назар аударылып жатқанын атап өту қажет. Ағаштардың басым бөлігі С.Сейфуллин, Ш.Уәлиханов, Әл-Фараби, Т.Рысқұлов, Абай, Д.Қонаев және Қ.Яссауи даңғылдарына егілетін болады. Қазіргі таңда орындарын әзірлеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар саябақтар, саяжолдар мен көше қиылыстарына көпжылдық гүлдер мен 5 мың дана қызғалдақтар егу жоспарланып отыр. Осылайша әсем гүлдер мен жасыл желек қаланың ажарын аша түспек. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте полиция екі есірткі өткізушіден ірі көлемде есірткі заттарын тәркіледі 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте полиция екі есірткі өткізушіден ірі көлемде есірткі заттарын тәркіледі 21.08.2025 2464 Аялдамада жанжал шығарғаны үшін айыппұл арқалады 1 оқу мин Әлеумет Аялдамада жанжал шығарғаны үшін айыппұл арқалады 19.08.2025 6709 Түтінсіз темекі өндірумен заңсыз айналысқандар сотталды 1 оқу мин Әлеумет Түтінсіз темекі өндірумен заңсыз айналысқандар сотталды 13.08.2025 14499