Ұлт ұстазы, ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлы: «Мектептің жаны — мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі — білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім» — депті. Ұлық қызмет иелері ұстаздардың кәсіби мерекесі еліміздің барлық жерінде тойлануда. Астанадағы республикалық педагогтер съезіне қатысып келген Түркістан қалалық Әдістемелік орталығының басшысы Төлімбет Бақытжан Нұрмаханбетұлы ұжымды атаулы мереке «Ұстаздар күнімен» құттықтап, съезде талқыланған жаңалықтармен, алған әсерімен бөлісті. Сондай-ақ, оқу-ағарту министрінің «Еңбек ардагері» төс-белгісін, вице-министрдің, облыс әкімінің, кәсіподақтың алғыс хаттарын тапсырып марапаттады. — Математика пәнінің әдіскері Ақбергенов Асылбек Әуесбекұлы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың «Еңбек ардагері» төсбелгісімен; — Директорының оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары Айкөзова Динара Рахматуллақызы — орта білім беру ұйымдарында мектепішілік бақылауды ұйымдастыруға арналған нұсқаулықты дайындау бойынша жұмыс тобына белсенді қатысқаны үшін вице-министр Еділ Оспанның алғыс хатымен; — Директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлыбаев Нұржан Мадірайұлы — Білім беру саласының дамуына қосқан үлесі және еңбектегі жетістіктері үшін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының алғыс хатымен; — Орталықтың «Тілдер кафедрасы» меңгерушісі Бопиева Гүлнар Тұрғанбайқызы облыстық кәсіподақ комитеті төрағасы Бақытжан Еркінбектің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен; — Орталықтың «Тәрбие және әлеуметтік психология» кафедрасының тәрбие әдіскері Басқараева Рапия Тухтабайқызы Білім саласын дамыту жолында қол жеткен табыстары және оған қосқан үлесі үшін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың алғыс хатымен; — «Техникалық және кәсіптік білім беру» кафедрасының әдіскері Бегимова Меруерт Құрманбекқызы, «Ақпараттық технологиялар» кафедра әдіскері Мавленов Нұрғазы Берікханұлы білім беру жүйесінде, сала қызметкерлерін әлеуметтік қорғауда атқарған көп жылдық мүлтіксіз және белсенді еңбегі үшін облыстық кәсіподақ комитеті төрағасы Бақытжан Еркінбектің құрмет грамотасымен марапатталды.