Түркістан облысы Сайрам ауданы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде жиын болып өтті. Іс-шараға ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитеті Білім беру мазмұны мен әдіснамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Әлия Чокушева, Түркістан облысы «Білім беруді дамыту орталығы» мекемесінің директор орынбасары Нұржан Нұрлыбаев, Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Гүлдар Сапарбекқызы қатысты. Сонымен қатар, ақпараттық түсіндіру семинары Түркістан қаласы №27 Өзбекәлі Жәнібеков атындағы IT мектеп-лицейінде де өткізілді. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова, Оқу-ағарту министрлігі техникалық-кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары Ақзира Қасымова, Білім басқармасының «Білім беруді дамыту» орталығының директоры Төлімбет Бақытжан Нұрмаханбетұлы қатысты. Іс-шарада төрағасының орынбасары жаңа оқу жылының ӘНХ-ғы негізгі ерекшеліктерін түсіндіріп өтті. «Түркістан қаласының, Кентау, Сауран, Созақ, Арыс, Отырар аудандардың білім бөлімдерінің, 260 мектептің директорларына мектептің даму жоспарын әзірлеу, тиісті нысаналы индикаторларды белгілеу, мақсат қою, миссияны дұрыс анықтау бойынша дәріс оқыдық. Сонымен қатар, мектепшілік бақылау жоспарының үлгісін беріп, бекіту ұсынылды», — деді Майра Тұрғанбайқызы. Аталған іс-шараларға ауданның білім бөлімі басшылары, әдіскерлер және мектеп директорлары да қатысты. Ақпараттық түсіндірме жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.