О. Ағыбайұлы атындағы жалпы орта мектебінде Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданы білім бөлімі, облыстық ардагерлер кеңесі тарапынан №98 хатына сәйкес, «Әкелер мектебінің» жұмыстары жөнінде оның ішінде «Ұрпақтар сабақтастығы» және «Жас ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс» тақырыбында 2023 жылы 9 қазан күні жиналыс өтті. Қонақ ретінде ауыл ақсақалдары шақырылды. Қалтаев Сейдуалы, Айтқулов Бекжігіт, Ахимбеков Қарабек, Қойтаев Кәдірбек Қыдыралиев Пернебек және «Әкелер кеңесінің» мүшелері Теңелов Кәдірбек, Бекетаев Досымжан қатысты. Аға буын өкілдерінің ұрпақтар сабақтастығы бойынша жиынның мақсаты- жастардың ұлттық мәдениетін, ана тілін, салт-дәстүрлерді және адами құндылықтарды сақтауына, оны жаңғыртуға, ұлттық және мәдени бірегейлікті дамытуға жәрдемдесу. Әсіресе, қазіргі жаһандану саясаты дендеп тұрған шақта ұрпақ тәрбиесіне ұлт келешегіне аса көңіл бөлу – әр азаматтың міндеті. Ұрпақтар сабақтастығын жарасымды жалғастыруда, ата-баба аманаттарына адалдықтан айнымай алға апаруда аға буын ұрпақ өкілдерінің орны ерекше. Олар отбасылық құндылықтарды сақтауға, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға, жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықты болдырмауға ықпал етеді. Аға буынның жинақтаған тәжірибесін, білігін, парыз бен намыс ұғымын сақтап, жеткізу – келешек ұрпақтың алдағы жетістіктерін одан әрі дамыта түсетін негізгі бастау. Ел ағалары мен ардагерлер осы жиында жастар тәрбиесіне, ұлттың келешегіне аса көңіл бөлініп, ұлттық ұлағатты қасиеттер мен құндылықтарды жаңғыртып, кері тартатын көлеңкелі ойлардан, арылуға шақырды. Ұрпақ отаншыл етіп қалыптастыруға, рухани жағынан жаңғырып-жаңарған өнегелі жастар тәрбиелеуге, сана мен білім сапасын биіктете түсуге, жалпы ұрпақтар тәрбиесіне аянбай үлес қосайық!.