Түркістан облысына қарасты Жетісай аудандық орталық кітапханасында 24 қазан — Кітапханашылар күніне арналған «Мамандығым – мақтанышым» ауылдық кітапхана қызметкерлері арасында кәсіби байқау өткізілді. Байқауға Жетісай және Асықата өңірінің ауылдық кітапхана қызметкерлерінен құралған 2 топ қатысты. Байқаудың басты мақсаты кітапханашы мамандардың имиджін көтеру, кітапханашылардың шығармашылық қабілетін дамыту, кітапханашы мамандардың кәсіби білімінің толығуына жол ашу болып табылады. Байқаудың шарттары: І шарт: Іс-шараның дайындығы (Кітапханада өткізілетін іс-шаралардың жалпы дайындығы туралы айтып беру, 3 минут). ІІ шарт: КБЖ (Кітапханалық-библиографиялық жіктеу) бойынша сұрақтар (3 минут). ІІІ шарт: Экспресс-көрмеге библиографиялық шолу өткізу (5 минут). Байқауды бағалаған әділқазы мүшелері: Темишова Күлия Мұратқызы – кітапхана саласының ардагері, зейнеткер. Валиева Роза Анварқызы – кітапхана саласының ардагері, зейнеткер. Сағынтаева Жанар Қайратқызы – «Жетісай аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ басшы орынбасары. Байқау барысында Жетісай және Асықата өңірінің қызметкерлерінен құралған «Ұшқыр ой» және «Ақылдылар» тобы өздерінің барлық кезеңдерде кәсіби біліктілігін, шығармашылық қабілетін көрсете білді. Байқау қорытындысы бойынша Асықата өңірінің қызметкерлерінен құралған «Ақылдылар» тКітапхана қызметкерлері арасында кәсіби байқау өткізілді обы алға шығып, жүлделі І орынды иеленді, ІІ орынды Жетісай өңірінің қызметкерлерінен құралған «Ұшқыр ой» тобы иеленді. Байқауға қатысқан топтар Дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.