Ұстаз — жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Қазақ мектебінің болашағы туралы М. Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты» деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Жлпы педагог мамандарының беделін арттыру бағытында, білім сапасын дамыту бағытында бүгінде көптеген жұмыстар атқарылуда. Шалғай шетте жатқан аудандардағы жас мұғалімдер өздерінің біліктіліктерін арттырып, түрлі ашық сабақтар өткізуде. Жуырда Түркістан облысы Жетісай ауданының білім бөлімінің «М. Мәметова атындағы №33 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жас маман, алға бас қадам» атты апталықтың жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанара Бейсебаева жасмандармен «Тимбилдинг және екеу» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырды. Сабақ барысында жас мамандарға сабақ өтуде жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерді, платформалық тапсырмалар мен бағдарламаларды іс жүзінде көрсетті. Жас мамандар үшін сабақ өте қызықты, әрі пайдалы ақпараттарға толы болды. Қазақ жазушысы Таласбек Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы» әңгімесін алдын ала ұстаздарға оқуды ұсынып, тапсырмаларды атаулы әңгіме желісімен үйлесімді құрастыра білді. Сабақтың құрылымын жүйелі жоспарлап, барлық жас маманның қоржынына құнды дүние салаларлықтай ұйымдастырылған сабақтан алған әсерлерін ұстаздар бөлісіп, алғысын білдірді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанара Бейсебаеваға бөліскен жаңашыл әдіс-тәсілдері мен жұмысы үшін үлкен алғысымызды білдіре отырып, жұмысына шығармашылық табыс тілейміз.