Түркістан облысында тіл саясатын дамыту бағытында көптеген іс шаралар жүргізілуде. Жуырда Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тіл үйренуге ниеті бар аудан тұрғындарын қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілін оқу бойынша тегін курсқа шақырады. Офлайн форматта ұйымдастырылып жатқан оқу курстарын тәмамдаған соң курс қатысушыларына арнайы сертификаттар беріледі. Орталықта тілді меңгеруге барлық жағдай жасалған. Осыған орай, орталық қызметкерлері үш тілділік бойынша курсқа ниет білдірген тыңдаушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы үнпарақшалар тарқатты. Бұдан бөлек тіл саясатын дамыту бағытында атқарылып жатан жұмыстардың екінші парасы бойынша күні кеше Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығының» ұйымдастыруымен “Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы” тақырыбында акция өтті. Акцияның негізгі мақсаты — шағын және орта бизнес өкілдеріне сыртқы көрнекі ақпарат яғни, жарнама құралдарын әзірлеу барысында мәтіндерінің сауатты жазылуына, орналасуына әдістемелік көмек көрсету, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының талаптарын түсіндіру және Қазақстан Республикасының тіл саясатын насихаттау болып табылады. Акция барысында кәсіпкерлік нысан иелері мен қызметкерлеріне Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заң талаптары көрсетілген брошюралар тарқатылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта акция өз жалғасын табатын болады.