Әлеумет Дарынды балаларды іріктеу шарасы жүргізілуде Редактор 14.10.2023 15713 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты барлық аудандарда дарынды балаларды іріктеу шарасы жүргізілуде. Яғни, Қазақстан және шетелдік алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарына түсу гранттарының иегері атану мүмкіндігіне қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған олимпиаданың аудандық кезеңі бүгін 14.10.2023 жылы Сайрам ауданында 4 аймақта, атап айтсақ №42 Фуркат, №93 Абылайхан, №13 А. Навой және № 18 Ә.Құрмантаев жалпы орта мектептер базасында болып өтті. «IQANAT» олимпиадасына қатысуға ниет білдіргендердің қатары өте көп. Олимпиаданың аудандық кезеңіне 1888 оқушыдан 1808 яғни 95,7 пайыз оқушы облыстық кезеңге өту үшін бақ сынады. «Айқанат» республикалық олимпиадасының басты мақсаты – Қазақстандағы ауылдық мектеп оқушыларына олардың таланттарын ашуға және лайықты білім алу мүмкіндіктерін табуға көмектесу. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық, танымдық, зияткерлік қызметті жандандыру;сауаттылық деңгейін арттыру;тікелей қарым-қатынас пен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру арқылы ауыл оқушыларының қабілеттерін анықтау, қолдау және дамыту болып табылады. Сайрамдық дарынды балалар айтулы байқауда барын салды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 2095 Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10755 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9334