«Оқуға құштар колледж», жобасы аясында Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданындағы №12 колледж кітапханашысы Айнаш Өмірзақова Мұқанқызы 1-курс студенттерімен бірге аудандағы орталық кітапханаға саяхат жасап, кітап көрмесімен, жаңа басылымдармен танысып қайтқан студенттеріміз білімін, ой-түсінігін көтерді. Шара оқу мәдениетін насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаев «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана” деген екен. Кітапхана кітап оқитын орын ғана емес, үлкен тәрбие орны. Кітапхана қашанда және қай уақытта болмасын ең ғажайып керемет кітап мекендейтін, адам ақыл — ойының, парасатының қоймасы болып табылады. Шараны өткізудегі мақсат — кітапхана өмірімен таныстыру, білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру; студенттердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру; кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу болып табылады. Оқу залының библиографы Төреханова Гулполат «Құт қонған-саялы Сарыағаш» тақырыптағы көрмемен таныстырса, қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Алибекова Жазира кітапханашы Оразбаева Гүлжан көрмелер мен кітапхана ішінде орналасқан өзіне- өзі қызмет көрсету кабинетімен таныстырды. Студенттер игі істердің ұйытқысы болып жүретін колледж кітапханашысы Айнаш апайларына алғыстарын білдіріп, кітапхана қызметкерлеріне ризашылық сезімдерін білдірді.