2023 жылдың 16 қазан күні, Түркістан қаласы, Сауран ауданының, Ә.Сығай атындағы жалпы білім беретін мектебінің базасында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсы өткізілді. Конкурстың мақсаты: туған жер тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, оқу мәдениетін насихаттау, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылықты қалыптастыру, өзінің туған өлкесінің тарихын және құндылықтарын мақтаныш сезімімен жеткізуге бағыттау болып табылады. «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңінде Шардара аудандық білім бөліміне қарасты мектептеріміздің орындарға ие болған оқушылар: “Менің шағын Отанымның тарихы” номинациясы бойынша I орын “Қоссейіт” жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Таңсықбай Аяжан Нұрахметқызы, жетекшісі тарих пәні мұғалімі Сабыралиева Эльмира. «Менің шағын отанымның симболы» номинациясы бойынша ІІ орын Азани Гюнай Камалқызы Т.Тәжібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы, жетекшісі Утеева Роза . «Менің шағын Отанымның болашағы » атты номинациясы бойынша ІІ орын «Шардара» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Изатулла Балнұр Жанибекқызы жетекшісі Келдибаева Гулшат Кураловна «Менің шағын Отаным» номинациясы бойынша ІІІ-орын «Ақалтын» жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Заманбек Аяулым Нышанханқызы жетекшісі Ақбаева Айжан Тұмарбекқызы.